О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата от 31 мая 2018 года № 24/10 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельского округа Енбекши Шиелийского района"

Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 23 ноября 2023 года № 8/26

      Шиелийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шиелийского районного маслихата от 31 мая 2018 года № 24/10 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельского округа Енбекши Шиелийского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6333) следующие изменения:

      в Регламенте собрания местного сообщества сельского округа Енбекши Шиелийского района, утвержденной указанным решением:

      в пункте 4:

      в абзац девятый вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      абзац десятый исключить;

      абзац одиннадцатый исключается на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь районного маслихата А.Жандарбеков

"Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 24/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 8/26 шешімі

      Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 24/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6333 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:

      4-тармақта:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";

      оныншы абзац алып тасталсын;

      он бірінші абзац алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы А.Жандарбеков