О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 марта 2014 года № 112 "Об утверждении знаков различия и знака об окончании Национального университета обороны имени Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 15 января 2024 года № 25

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2024.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 марта 2014 года № 112 "Об утверждении знаков различия и знака об окончании Национального университета обороны имени Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы", внести следующие изменения:

      заголовок приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении знаков различия и знака об окончании Национального университета обороны Республики Казахстан";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые:

      1) знаки различия Национального университета обороны Республики Казахстан, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) знак об окончании Национального университета обороны Республики Казахстан, согласно приложению 2 к настоящему приказу.";

      приложения 1 и 2 к указанному приказу изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту военного образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан в электронном виде в течение пяти рабочих дней со дня его подписания на казахском и русском языках в соответствии с требованиями пункта 10 Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, Инструкции по формированию Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, а также внесению в него сведений, утвержденных приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 472 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33059);

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней после дня первого официального опубликования настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра обороны Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2024 года.

      Министр обороны
Республики Казахстан генерал-полковник
Р. Жаксылыков

  Приложение к приказу
Министра обороны
Республики Казахстан
от "15" января 2024 года № 25
  Приложение 1
  Утверждены приказом
Министра обороны
Республики Казахстан
от 18 марта 2014 года № 112

      Знаки различия Национального университета обороны Республики Казахстан

      Эмблемы Национального университета обороны Республики Казахстан

     



      Рисунок 1. Малая эмблема

     



      Рисунок 2. Большая эмблема

Схематическое изображение знаков различия Национального университета обороны Республики Казахстан

     



     



      Рисунок 3. Нарукавный знак руководителя Национального университета обороны Республики Казахстан кант с филигранным плетением

     



      Рисунок 4. Нарукавный знак постоянного состава Национального университета обороны Республики Казахстан кант тонкой линией

      Примечание:

      Эмблемы Национального университета обороны Республики Казахстан (рисунки 1, 2) помещаются на форменной одежде военнослужащих постоянного состава.

      Воспроизводимое изображение эмблемы Национального университета обороны Республики Казахстан независимо от его размеров должно в точности соответствовать цветному или черно-белому стандарту эмблемы.

      Нарукавные знаки различия является знаком, устанавливающим принадлежность военнослужащих к Национальному университету обороны Республики Казахстан (рисунки 3, 4).

      Нарукавные знаки различия отражают особенности функционального предназначения Национального университета обороны Республики Казахстан, как высшего военного учебного заведения страны по подготовке офицерских кадров по уровню послевузовского образования.

      Для составления знака различия Национального университета обороны Республики Казахстан применены составные части из знаков:

      факел;

      меч;

      стилизованное тюркское солнце;

      сакский золотой шлем.

      Знаки различия поместили в щите в форме раскрытой книги. Раскрытая книга в системе военно-геральдических знаков раскрывает статус учебного заведения. В совокупности знаки составили большую эмблему Национального университета обороны Республики Казахстан, отражающую принадлежность учебного заведения к Вооруженным Силам Республики Казахстан.

      Элементы знака символизируют:

      сакский золотой шлем (атрибут воина - вождя, имеющего высокий военный статус) - преемственность исторических традиций, верности воинскому долгу по защите своей Родины;

      факел (символ знания, просвещения и прогресса) - важнейшую задачу Национального университета обороны Республики Казахстан в области подготовки офицеров по уровню послевузовского образования и военной науки;

      меч (традиционный символ вооруженной борьбы) - готовность к защите своей Родины;

      золотое солнце "Күн" - тюркское стилизованное орнаментированное изображение солнца (символ знания и интеллекта);

      форма геральдического щита - (картушный щит в виде раскрытой книги) - элемент военной геральдической системы, показывающий принадлежность и статус Национального университета обороны Республики Казахстан, как учебного заведения страны;

      голубой цвет поля геральдического щита - символизирует чистоту, разум, постоянство;

      золотой национальный орнамент (является культурной летописью казахского народа) - отражает национальные традиции;

      золото - символ величия, знатности, благородства и постоянства.

  Приложение 2
  Утверждены приказом
Министра обороны
Республики Казахстан
от 18 марта 2014 года № 112

Знак об окончании Национального университета обороны Республики Казахстан

     



      Примечание:

      Семантика знаков, отражающих основной смысл знака об окончании Национального университета обороны Республики Казахстан.

      Ромбик металл белого цвета мельхиор (серебро) символизирует чистоту помыслов, мудрость.

      Эмаль на поле ромбика белого цвета символизирующий мир и чистоту.

      Государственный герб - принадлежность к государству Республики Казахстан.

      Ромб - символизирует всестороннюю активность.

      Накладка из мельхиора с геральдической надписью "ҰЛТТЫҚ ҚОРҒAНЫС УНИВЕРСИТЕТІ".

Схематическое изображение и описание знака об окончании Национального университета обороны Республики Казахстан

     



"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін және аяқтағаны туралы белгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 25 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін және аяқтағаны туралы белгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 112 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін және оқуды аяқтағаны туралы белгіні бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін аяқтағаны туралы белгі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықтың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
  2024 жылғы 15 қаңтардағы
  № 25 бұйрығына
  қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
  2014 жылғы 18 наурыздағы
  № 112 бұйрығымен бекітілген
  1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілері Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің эмблемалары




1-сурет. Шағын эмблема




2-сурет. Үлкен эмблема Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті айырым белгісінің схемалық суреті







3-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті басшысының жиегі әшекейлеп көмкерілген жеңдегі белгісі




      4-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті тұрақты құрамының жіңішке сызықты жиек салынған жеңдегі белгісі

      Ескертпе:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің эмблемалары (1, 2-суреттер) тұрақты құрам әскери қызметшілерінің нысанды киіміне тағылады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті эмблемасының көшірілген бейнесі көлеміне қарамастан, эмблеманың түсті немесе қара-ақ түсті стандартына дәлме-дәл сәйкес болуға тиіс.

      Жеңдегі айырым белгісі әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне тиесілігін білдіретін белгі болып табылады (3, 4-суреттер).

      Жеңдегі белгі жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі бойынша офицер кадрын даярлау жөніндегі елдің жоғары әскери оқу орны ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің функционалдық тағайындалуының ерекшелігін білдіреді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгісін жасау үшін белгінің мынадай құрамдас бөлшектері қолданылды:

      алау;

      семсер;

      айшықты түркі күні;

      сақтың алтын дулығасы.

      Айырым белгісі ашық кітап нысанындағы қалқанға орналастырылды. Әскери-геральдикалық белгі жүйесінде ашық кітап оқу орнының мәртебесін ашып көрсетеді. Жиынтықта белгі оқу орнының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тиесілігін көрсететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің үлкен эмблемасын білдіреді.

      Белгі элементтері:

      сақтың алтын дулығасы (жоғары әскери мәртебесі бар жауынгер – көсем атрибуты) – тарихи дәстүр сабақтастығын, өз Отанын қорғау бойынша әскери борышқа деген адалдықты;

      алау (білім, ағартушылық және прогресс символы) – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі бойынша офицер даярлау және әскери ғылым саласындағы аса маңызды міндетін;

      семсер (қарулы күрестің дәстүрлі символы) – өз Отанын қорғауға әзірлікті;

      алтын түстес "Күн" – күннің түркілік өрнектеліп айшықталған бейнесін (білім мен зиыткерлік символы);

      геральдикалық қалқан нысаны (ашық кітап түріндегі бедерлі қалқан) – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің елдің оқу орны ретінде тиесілігі мен мәртебесін көрсететін әскери геральдикалық жүйе элементін;

      геральдикалық қалқан негізінің көгілдір түсі – адалдықты, ақыл-ойды, тұрақтылықты;

      алтын түстес ұлттық ою-өрнек (қазақ халқының мәдени шежіресі болып табылады) – ұлттық дәстүрді;

      алтын – айбындылық, атақтылық, тектілік пен тұрақтылық символын білдіреді.

  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
  2014 жылғы 18 наурыздағы
  № 112 бұйрығымен бекітілген
  2-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін аяқтағаны туралы белгісі


      Ескертпе:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін аяқтағаны туралы белгінің негізгі мәнін сипаттайтын белгілер семантикасы.

      Мельхиор (күміс) түстес ақ түсті металл ромбик ой тазалығын, даналықты білдіреді.

      Ромбик негізіндегі ақ түсті эмаль бейбітшілік пен адалдықты білдіреді.

      Мемлекеттік елтаңба – Қазақстан Республикасының мемлекетіне тиесілік.

      Ромб – жан-жақты белсенділікті білдіреді.

      "ҰЛТТЫҚ ҚОРҒAНЫС УНИВЕРСИТЕТІ" геральдикалық жазуы бар мельхиордан жасалған қондырма.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін аяқтағаны туралы белгінің схемалық бейнесі мен сипаттамасы