Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по Сандыктаускому району на 2024 год

Решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 5 сентября 2024 года № 14/8

      В соответствии с пунктом 1 статьи 10-3 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 166 "Об утверждении Методики расчета сметы расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также методики расчета минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20284), Сандыктауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить минимальный размер расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по Сандыктаускому району на 2024 год, в сумме 23,21 тенге за один квадратный метр в месяц.

      2. Минимальный размер расходов, установленный пунктом 1 данного решения, применяется после проведения собрания собственников квартир и нежилых помещений, решение которого оформляется протоколом в соответствии с требованиями статьи 42-1 пункта 6-2 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях".

      3. Настоящее решение вступает в силу и вводится в действие со дня подписания.

      Председатель районного маслихата Г.Мустафина

2024 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 14/8 шешімі

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2024 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері айына бір шаршы метр үшін 23,21 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 1-тармағында белгіленген шығыстардың ең төмен мөлшері пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысы өткізілгеннен кейін қолданылсын, оның шешімі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабының 6-2-тармағының талаптарына сәйкес хаттамамен ресімделсін.

      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Г.Мұстафина