О внесении изменений и дополнения в решение Актюбинского областного маслихата от 20 сентября 2019 года № 458 "Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Актюбинской области"

Решение Актюбинского областного маслихата от 25 сентября 2024 года № 164

      Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Актюбинского областного маслихата от 20 сентября 2019 года № 458 "Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Актюбинской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №6393) следующие изменения и дополнение: 

      в Правилах погребения и организации дела по уходу за могилами Актюбинской области, утвержденных указанным решением:

      пункт 1 дополнить абзацем следующего содержания:

      "Определение принципов проектирования и рекомендации к содержанию кладбищ, к порядку организации похоронного дела, похоронного обряда (обряда захоронения останков или праха человека), а также содержания мест захоронения и работы специализированных служб по вопросам похоронного дела в Республике Казахстан определяются "Сводом правил Республики Казахстан "Проектирование и содержание кладбищ" (СП РК 3.02-141-2014).";

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) отдел регистрации актов гражданского состояния (далее – регистрирующий орган) – Государственная корпорация "Правительство для граждан", осуществляющая государственную регистрацию актов гражданского состояния и другие виды государственных услуг, связанных с государственной регистрацией актов гражданского состояния;";

      подпункт 6) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "6) порядок заключения договора на погребение, содержание и обслуживание кладбищ и осуществления контроля за соблюдением его условий.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Местными исполнительными органами из земель общего пользования, занятых и предназначенных под кладбища, на каждого умершего жителя поселения или лица без определенного места жительства, умершего в данном поселении, для захоронения бесплатно выделяется земельный участок не менее шести квадратных метров.

      Территория кладбища состоит из участков, которые разделяются на ряды могил и обустраиваются проездами для автомобильного транспорта и проходами к участкам могил.

      Акимат района (города областного значения):

      организует свод данных (сведений) учета и регистрацию земельных участков, предназначенных под могилы;

      осуществляет контроль за соблюдением условий договора по погребению, содержанию и обслуживанию кладбищ;

      размещает актуальную информацию по занятым и свободным участкам кладбища на официальном интернет-ресурсе местного исполнительного органа и в публичной кадастровой карте, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 июля 2023 года № 252/НҚ (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 33106).

      Аким района областного значения, района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа ведет учет и регистрацию земельных участков, предназначенных под могилы на основании журналов учета.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Перезахоронение останков на действующих и закрытых кладбищах не допускается, кроме случаев:

      преждевременной ликвидации кладбища или его участка;

      при транспортировке останков из отдельных могил для перезахоронения по Республике Казахстан или за ее пределами.

      Перезахоронение останков допускается только при отсутствии особо опасных инфекционных заболеваний (сибирская язва, конго-крымская геморрагическая лихорадка) у умерших людей в течение двух первых недель с момента погребения, в последующем не ранее трех лет, в песчаных грунтах не ранее одного года по согласованию государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Заключение договора на погребение, содержание и обслуживание кладбищ между местным исполнительным органом района (города областного значения) и администрацией кладбища осуществляется по итогам конкурса в срок установленный в соответствии с законодательством о государственных закупках.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного
маслихата
Г. СУЕНТАЕВА

"Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 458 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 164 шешімі

      Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 458 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6393 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының жерлеудің және зиарттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларына:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Зират қорымдарын жобалау қағидаттарын айқындау және оларды күтіп ұстауға, жерлеу ісін, жерлеу салт-жорасын (адамның сүйектерін немесе күлін жерлеу рәсімін) ұйымдастыру тәртібіне, сондай-ақ жерлеу орындарын күтіп ұстауға және Қазақстан Республикасындағы жерлеу ісі мәселелері жөніндегі мамандандырылған қызметтердің жұмысына ұсынымдар "Қазақстан Республикасының Зираттарды жобалау және күтіп ұстау" қағидалар жинағымен" (ҚР ҚЖ 3.02-141-2014) айқындалады;";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;";

      5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымдары орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі.

      Зират қорымының аумағы зираттарға арналған қатарларға бөлінетін учаскелерден тұрады және оған автомобиль көлігіне арналған жүру жолдары мен зират учаскелеріне өтетін жолдар салынады.

      Аудан (облыстық) маңызы бар қала әкімдігі:

      зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады;

      жерлеу, зират қорымдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 252/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33106 болып тіркелген) жария кадастрлық картада зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.

      Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі зираттарға арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді есепке алу журналдарының негізінде жүргізеді;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мынадай:

      зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      сүйектерді Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау жағдайларын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

      Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша сүйектерді қайта жерлеуге жол беріледі;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымының әкімшілігі арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу жүргізілетін конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгілінген мерзімде жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
төрағасы
Г. СҮЙІНТАЕВА