Об установлении публичного сервитута для проведения работ по разведке полезных ископаемых частной компании "West Gold Mining Limited"

Постановление акимата Айтекебийского района Актюбинской области от 28 августа 2024 года № 216

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 17, пунктом 4 статьи 69 и пунктом 2 статьи 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании заявления директора частной компании "West Gold Mining Limited" Е.Т.Бекенова ЗТ-2024-04351070 от 11 июня 2024 года акимат Айтекебийского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут частной компании "West Gold Mining Limited" по контракту № 4255-ТПИ на земельный участок, расположенный на участке "Косколь-1" Айтекебийского района общей площадью – 1577,0 га для проведения работ по разведке полезных ископаемых, сроком до 22 ноября 2025 года, без изъятия у землепользователей.

      2. Государственному учреждению "Айтекебийский районный отдел сельского хозяйства и земельных отношений" в установленным законодательством порядке обеспечит:

      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Айтекебийского района после его официального опубликования.

      3. Частной компании "West Gold Mining Limited" обеспечить компенсацию за причиненные убытки землепользователям участков и по окончанию работы по разведке полезных ископаемых, провести рекультивацию нарушенных земель.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Айтекебийского района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      И. о. акима Айтекебийского района А. Алдабергенов

"West Gold Mining Limited" жеке компаниясына пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 216 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, "West Gold Mining Limited" жеке компаниясының директоры Е.Т.Бекеновтың 2024 жылғы 11 маусымдағы ЖТ-2024-04351070 жазған өтініші негізінде, Әйтеке би ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "West Gold Mining Limited" жеке компаниясына пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы, "Қоскөл-1" учаскесінде орналасқан 4255-ТПИ шарты бойынша жалпы алаңы 1577,0 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 22 қарашаға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "West Gold Mining Limited" жеке компаниясы жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданы әкімінің м.а. А. Алдабергенов