Об установлении карантина в связи с выявлением болезни эмфизематозный карбункул среди крупного рогатого скота в крестьянских хозяйствах "Жеті қазына" и "Өлетті" Токмансайского сельского округа Алгинского района Актюбинской области

Решение Токмансайского сельского округа Алгинского района Актюбинской области от 26 сентября 2024 года № 19. Утратило силу решением акима Токмансайского сельского округа Алгинского района Актюбинской области от 11 ноября 2024 года № 20

      Сноска. Утратило силу решением акима Токмансайского сельского округа Алгинского района Актюбинской области от 11.11.2024 № 20 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3, статьи 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" и на основании представления руководителя ГУ "Алгинская районная территориальная инспекция комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 25 сентября 2024 года № 02-06-1/190 аким Токмансайского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Установить карантин в связи с выявлением болезни эмфизематозный карбункул среди крупного рогатого скота в крестьянских хозяйствах "Жеті қазына" и "Өлетті" Токмансайского сельского округа Алгинского района Актюбинской области.

      2. Контроль за исполнением данного решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Токмансайского
сельского округа
Ш. Ж. Кушкимбаев

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округінің "Жеті қазына" және "Өлетті" шаруа қожалықтары мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан жұқпалы ауруы анықталуына байланысты карантин белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 19 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің 11.11.2024 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Алға аудандық аумақтық инспекциясы" ММ басшысының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 02-06-1/190 ұсынысының негізінде Тоқмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округінің "Жеті қазына" және "Өлетті" шаруа қожалықтары мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан жұқпалы ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Тоқмансай ауылдық
округінің әкімі
Ш. Ж. Кушкимбаев