Карантинді алу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы № 20 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37- бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы" ММ-нің басшысы Б. Хайтбаевтың 2024 жылғы 11 қарашадағы № 02-06-1/235 ұсынысы негізінде, Тоқмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтөбе облысы, Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округінің "Жеті қазына" және "Өлетті" шаруа қожалықтары мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан жұқпалы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп, сынамалардың "теріс" нәтиже көрсетуіне байланысты карантин алынып тасталынсын.

      2. Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 19 "Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округінің "Жеті қазына" және "Өлетті" шаруа қожалықтары мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан жұқпалы ауруы анықталуына байланысты карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Тоқмансай ауылдық
округі әкімінің м.а.
Ш. М. Сыражанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады