О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 16 июня 2022 года № 205 "О некоторых вопросах Комитета регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан"

Приказ и.о. Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 6 декабря 2024 года № 453

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 16 июня 2022 года № 205 "О некоторых вопросах Комитета регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" следующие изменения:

      в Положении республиканского государственного учреждения "Комитет регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан", утвержденном указанным приказом:

      пункт 14 дополнить подпунктом 30-1) следующего содержания:

      "30-1) выдача субъектам, предоставляющим специальные социальные услуги, лицензии на предоставление специальных социальных услуг;".

      2. Комитету регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, обеспечить:

      1) принятие мер в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств";

      2) направление копии настоящего приказа на казахском и русском языках в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Ертаева А.М.

      4. Настоящий приказ вступает в силу со дня его подписания.

      И.о. министра А. Сарбасов

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 205 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 453 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 205 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:  

      14-тармақ келесі мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензияны беру;".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қабылдауды;

      2) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің м.а. А. Сарбасов