Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Постановление акимата города Костаная Костанайской области от 27 сентября 2024 года № 1705

      В соответствии с подпунктом 5-1 со статьей 18, пунктом 4 статьи 69 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании землеустроительных проектов, утвержденных приказами государственного учреждения "Отдел земельных отношений акимата города Костаная" от 27 мая 2024 года № 247 акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить государственному учреждению "Отдел строительства акимата города Костаная" из категории земель населенных пунктов публичный сервитут на земельный участок, общей площадью 0,0633 гектар, расположенный по адресу: город Костанай, микрорайон Аэропорт, для прокладки инженерных коммуникаций по объекту "Строительство наружных коммуникаций к средней общеобразовательной школе на 900 мест в микрорайоне Аэропорт города Костанай Костанайской области, для строительства линий электроснабжения".

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений акимата города Костаная" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления в течение пяти рабочих дней со дня подписания на официальное опубликование в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Костаная после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Костаная.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким М. Жундубаев

Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 1705 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 27 мамырдағы № 247 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан "Қостанай облысы Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданындағы 900 орынға арналған жалпы орта білім беретін мектепке сыртқы коммуникациялардың құрылысы, электрмен жабдықтау желілерін салу үшін" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды жүргізу үшін Қостанай қаласы, Әуежай шағын ауданы мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0633 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев