О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 190 "Об утверждении Положения о Комитете по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 октября 2024 года № 240

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 190 "Об утверждении Положения о Комитете по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Комитете по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:

      "3-1) формирование и ведение реестра недобросовестных участников закупок на основании представленных данных субъектов естественных монополий;";

      подпункт 8) изложить в следующей редакции:

      "8) проведение публичных слушаний с опубликованием в средствах массовой информации объявления о дате и месте их проведения и (или) ссылки на онлайн-трансляцию;";

      дополнить подпунктом 18-1) следующего содержания:

      "18-1) согласование методики ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов по каждому виду регулируемых услуг субъектов естественных монополий;";

      дополнить подпунктами 20-1), 20-2), 20-3), 20-4) и 20-5) следующего содержания:

      "20-1) согласование с уполномоченным органом по управлению государственным имуществом, местными исполнительными органами передачи магистральных каналов с отводящими межхозяйственными и внутрихозяйственными каналами для расширения, модернизации, реконструкции и улучшения технического состояния, находящихся в республиканской или областной, районной коммунальной собственности, в доверительное управление;

      20-2) согласование с уполномоченным органом по управлению государственным имуществом, местными исполнительными органами, субъектами естественных монополий договора доверительного управления по передаче магистральных каналов с отводящими межхозяйственными и внутрихозяйственными каналами для расширения, модернизации, реконструкции и улучшения технического состояния, находящихся в республиканской или областной, районной коммунальной собственности, а также находящихся в собственности у субъекта естественных монополий;

      20-3) согласование уполномоченному органу по управлению государственным имуществом, местному исполнительному органу договора доверительного управления имуществом и (или) передачи имущества, используемого в технологическом цикле при предоставлении регулируемых услуг субъектами естественных монополий и передаваемого от местных исполнительных органов в соответствии с планом передачи на баланс и (или) в доверительное управление имущества, за исключением субъектов естественных монополий, предоставляющих регулируемые услуги, предусмотренные подпунктами 10), 12) и 13) пункта 1 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях";

      20-4) согласование кредитных соглашений субъектов естественных монополий для привлечения займов у международных финансовых организаций, специализированных отраслевых банков, Банка Развития Казахстана и банков второго уровня Республики Казахстан;

      20-5) согласование договора доверительного управления имуществом, используемым в технологическом цикле при предоставлении регулируемых услуг, находящимся в собственности у субъекта естественных монополий;";

      подпункт 21) изложить в следующей редакции:

      "21) внесение изменения в утвержденную тарифную смету в случае получения на баланс и (или) в доверительное управление имущества, используемого в технологическом цикле при предоставлении регулируемых услуг субъектами естественных монополий от местных исполнительных органов или уполномоченного органа по управлению государственным имуществом при его получении в безвозмездное пользование, в том числе электрических сетей от других энергопередающих организаций, не выше уровня прогноза социально-экономического развития на соответствующий год;";

      подпункт 29) изложить в следующей редакции:

      "29) утверждение перечня субъектов естественных монополий, тарифы которым утверждаются с применением стимулирующего метода тарифного регулирования;";

      дополнить подпунктом 31-1) следующего содержания:

      "31-1) согласование местным исполнительным органам или уполномоченному органу по управлению государственным имуществом плана передачи на баланс и (или) в доверительное управление имущества, используемого в технологическом цикле при предоставлении регулируемых услуг субъектами естественных монополий, за исключением субъектов естественных монополий, предоставляющих регулируемые услуги, предусмотренные подпунктами 10), 12) и 13) пункта 1 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях";".

      2. Комитету по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа его направление для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра –
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
Н. Байбазаров

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 240 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынылған деректері негізінде сатып алуларға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) бұқаралық ақпарат құралдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемені жариялай отырып, оны өткізу;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу;";

      мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3), 20-4) және 20-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20-1) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келісу;

      20-2) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келісу;

      20-3) Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан берілетін мүлікті сенімгерлік басқару және (немесе) мүлікті беру шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органмен келісу;

      20-4) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін келісу;

      20-5) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын келісу;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті жергілікті атқарушы органдардан немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан өтеусіз пайдалануға алған кезде, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға қабылдаған жағдайда, бекітілген тарифтік сметаға тиісті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен асырмай өзгеріс енгізу;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) тарифтер тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "31-1) Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын жергілікті атқарушы органдармен немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров