Об утверждении Порядка использования средств, предусмотренных на представительские затраты , и норм представительских затрат государственных органов, финансируемых из местных бюджетов

Постановление акимата Павлодарской области от 7 августа 2024 года № 182/2

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и приказом Министра финансов Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 863 "Об утверждении Типовых правил использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат" акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить:

      порядок использования средств, предусмотренных на представительские затраты, согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      нормы представительских затрат согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      2. Руководителям органов, финансируемых из областного бюджета, осуществлять расходование средств на представительские затраты в строгом соответствии с утвержденным Порядком.

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Павлодарской области" (далее – Аппарат акима) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      направление в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Жамбайбека Д.К.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области А. Байханов

  Приложение 1
к постановлению акимата
Павлодарской области
от "07" августа 2024 года
№ 182/2

Порядок использования средств, предусмотренных на представительские затраты

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат (далее – Порядок) определяет порядок использования средств на представительские затраты и норм представительских затрат за счет средств областного бюджета.

      2. Представительские затраты - средства, предусмотренные в местном бюджете на соответствующий финансовый год и используемые для приема иностранных делегаций, проведение заседаний, конференций, совещаний, семинаров, торжественных и официальных мероприятий.

      К представительским затратам относятся:

      1) аренда помещения для проведения мероприятия;

      2) автотранспортное обслуживание;

      3) услуги переводчиков;

      4) официальные завтраки, обеды, ужины, фуршеты;

      5) приобретение сувениров, памятных подарков;

      6) иные затраты, разрешенные акимом области.

Глава 2. Порядок использования средств на представительские затраты

      3. Выделение средств из областного бюджета на представительские затраты осуществляется на основании годового Плана мероприятий, требующих представительских затрат (далее - План) и утвержденных руководителем аппарата.

      4. В течение года План корректируется Аппаратом акима с учетом политической значимости проведения непредвиденных мероприятий и объема выделенных средств.

      5. Потребность в представительских затратах определяется Аппаратом акима с учетом выполнения возложенных функций и полномочий на основе результатов анализа необходимости, обоснованности и целесообразности осуществления данных затрат.

      6. Основанием выделения средств на представительские затраты является наличие следующих документов:

      1) обоснование необходимости проведения мероприятия;

      2) программа пребывания официальной делегации;

      3) план подготовки мероприятия;

      4) данные о количестве участников;

      5) смета расходов с расчетами по каждой статье затрат в соответствии с нормами представительских затрат и документы, подтверждающие объем затрат (калькуляция затрат, прайс-листы и иные документы);

      6) заключение местного исполнительного органа по исполнению бюджета по смете расходов.

      7. Администратор местных бюджетных программ в течение 10 календарных дней после проведения мероприятия представляет соответствующему местному исполнительному органу области по исполнению бюджета отчет об использовании средств, выделенных на представительские затраты, за подписью первого руководителя (лица, его заменяющего) с приложением:

      1) основания для проведения мероприятия, сметы расходов и документов, предусмотренные подпунктами 2) и 4) пункта 6 настоящего Порядка;

      2) документа, подтверждающего фактическое количество участников;

      3) копий документов, подтверждающих фактические затраты по смете расходов (квитанции, счета-фактуры, накладные, акты выполненных работ (оказанных услуг) с указанием стоимости и объема приобретенных товаров, работ и услуг, договоры).

  Приложение 2
к постановлению акимата
Павлодарской области
от "07" августа 2024 года
№ 182/2

Нормы представительских затрат, финансируемых за счет средств областного бюджета

№ п/п

Наименование представительских затрат

Стоимость,
тенге

1

Затраты на проведение приемов (завтраки, обеды, ужины) производятся для делегаций из расчета на одного человека в день

до 12 500

2

Затраты на проведение приемов (завтраки, обеды, ужины), предусмотренные в Государственном Протоколе Республики Казахстан, с участием Президента Республики Казахстан, Премьер-Министра Республики Казахстан, председателей палат Парламента Республики Казахстан, Государственного секретаря Республики Казахстан, Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан из расчета на одного человека в день

до 35 000

3

Буфетное обслуживание во время переговоров, мероприятий культурной программы на одного человека в день, включая переводчика и сопровождающих лиц:
- фуршеты
- кофе-брейки

до 2 200
до 2 000

4

Оплата труда переводчика (кроме синхронного перевода), встречающего делегацию, не состоящего в штате государственного органа, из расчета почасовой оплаты

до 20 000

5

Оплата транспортных затрат на обслуживание делегаций автомобильным транспортом предусматривается из расчета почасовой оплаты:
- легковые автомобили
- микроавтобусы
- автобусы

до 5 000
до 6 200
до 7 000

6

Сувениры, памятные подарки

по наименьшей стоимости из предложенных ценовых предложений

7

Иные затраты

по наименьшей стоимости из предложенных ценовых предложений

      Примечание:

      1) Во время официальных приемов количество участников со стороны Республики Казахстан не должно превышать количество участников со стороны иностранных делегаций.

      2) При составе делегаций свыше пяти человек количество сопровождающих лиц и переводчиков, обслуживающих делегацию (кроме синхронного перевода), определяется из расчета один переводчик или сопровождающий не менее чем на пять членов делегации.

Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың өкілдік шығындарының нормаларын бекіту туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 182/2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі "Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" № 863 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      өкілдік шығындардың нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын органдардың басшылары өкілдік шығындарға қаражатты жұмсауды бекітілген Тәртіпке қатаң сәйкестікте жүзеге асырсын.

      3. "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкімнің аппараты) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. К. Жамбайбекке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2024 жылғы "07" тамыздағы
№ 182/2 қаулысына
1-қосымша

Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) және өкілдік шығындардың нормалары өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдалану тәртібі мен облыстық бюджет қаражаты есебінен өкілдік шығындардың нормаларын айқындайды.

      2. Өкілдік шығындар - бұл тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген және шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге пайдаланылатын қаражат.

      Өкiлдік шығындарға:

      1) іс-шараларды өткiзу үшiн үй-жай жалдауға;

      2) автокөлiктік қызмет көрсетуге;

      3) аудармашылардың қызметiн төлеуге;

      4) ресми таңғы астарға, түскi астарға, кешкi астарға, фуршеттерге;

      5) кәдесыйлар, естелiк сыйлықтар сатып алуға;

      6) облыс әкiмі рұқсат еткен өзге шығыстарға арналған шығындар жатады.

2-тарау. Өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдалану тәртібі

      3. Өкілдік шығындарға облыстық бюджеттен қаражат бөлу аппарат басшысы бекіткен өкілдік шығындарды талап ететін жылдық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) негізінде жүзеге асырылады.

      4. Жыл ішінде Жоспарды Әкімнің аппараты күтпеген іс-шараларды өткізудің саяси маңыздылығын және бөлінген қаражат көлемін ескере отырып түзетеді.

      5. Өкілдік шығындарға қажеттілікті Әкімнің аппараты жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуын ескере отырып, осы шығындарды жүзеге асырудың қажеттілігін, негізділігі мен орындылығын талдау нәтижелері негізінде айқындайды.

      6. Келесі құжаттардың болуы өкілдік шығындарға қаражат бөлу үшін негіз болып табылады:

      1) іс-шараларды өткізу қажеттігінің негіздемесі;

      2) ресми делегацияның келу бағдарламасы;

      3) іс-шараларды дайындау жоспары;

      4) қатысушылар саны туралы деректер;

      5) өкілдік шығындардың нормаларына сәйкес әрбір шығын бабы бойынша есептері бар шығыстар сметасы және шығындар көлемін растайтын құжаттар (шығындарды есептеу, прайс-парақтар және басқа құжаттар);

      6) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органның шығыстар сметасы бойынша қорытындысы.

      7. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі іс-шара өткізілгеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде облыстың бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті атқарушы органына өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті келесі құжаттарды қоса бере отырып, бірінші басшының (оны алмастыратын тұлғаның) қолымен ұсынады:

      1) осы Тәртіптің 6-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды, шығыстар сметасын және құжаттарды өткізу үшін негіздер;

      2) қатысушылардың нақты санын растайтын құжат;

      3) сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны мен көлемін көрсете отырып, шығыстар сметасы бойынша нақты шығындарды растайтын құжаттардың көшірмелері (түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері).

  Павлодар облысы әкімдігінің
2024 жылғы "07" тамыздағы
№ 182/2 қаулысына
2-қосымша

Облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын өкілдік шығындардың нормалары

Р/с

Өкілдік шығындардың атауы

Құны, теңге

1

Делегациялар үшін қабылдаулар өткізу (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) шығындары бір күнде бір адамға арналған есеп бойынша жүргізіледі

12 500 дейін

2

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколында көзделген қабылдаулар өткізу (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) шығындары бір күнде бір адамға арналған есеп бойынша жүргізіледі

35 000 дейін

3

Келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде бір күнде бір адамға буфеттік қызмет көрсету, аудармашы мен бірге жүретін адамдарды қоса алғанда:
- фуршет
- кофе-брейк

2 200 дейін
2 000 дейін

4

Делегацияны қабылдайтын, мемлекеттік органның штатында тұрмайтын аудармашының еңбекақысы (ілеспе аудармадан басқа) сағаттық төлем есебінен

20 000 дейін

5

Делегацияларға автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көлік шығындарын төлеу сағаттық төлем есебінен көзделеді:
- жеңіл автомобиль
- шағын автобустар
- автобустар

5 000дейін
6 200 дейін
7 000 дейін

6

Кәдесыйлар, естелiк сыйлықтар

ұсынылған бағалар ұсынысынан ең төменгі бағамен

7

Басқа шығындар

ұсынылған бағалар ұсынысынан ең төменгі бағамен

      Ескертпе:

      1) Ресми қабылдаулар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялар тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиіс.

      2) Делегация құрамы бес адамнан асқан кезде, бірге жүретін тұлға және делегацияға қызмет көрсететін аудармашы (ілеспе аудармадан басқа) саны делегацияның кемінде бес мүшесіне шаққанда бір аудармашы немесе бірге жүретін адам есебінен айқындалады.