Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 қазанда № 17522 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағы 377) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 14.10.2024 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидалары және өкілдік шығындардың нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 14.10.2024 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 863 бұйрығына
қосымша

Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидалары және өкілдік шығындардың нормасы

1 – тарау. Жалпы бөлім

      1. Осы Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) және өкілдік шығындардың нормалары үлгілік өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдаланудың үлгілік тәртібі мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен өкілдік шығындардың нормаларын айқындайды.

      2. Өкілдік шығындар – бұл тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген және шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге пайдаланылатын қаражат.

      Өкiлдік шығындарға:

      1) іс-шараларды өткiзу үшiн үй-жай жалдауға;

      2) автокөлiктік қызмет көрсетуге;

      3) аудармашылардың қызметiн төлеуге;

      4) ресми түскi астарға, кешкi астарға, фуршеттерге;

      5) кәдесыйлар, естелiк сыйлықтар сатып алуға;

      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмі рұқсат еткен өзге шығыстарға арналған шығындар жатады.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқару органдары осы Үлгілік қағидалар негізінде өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдалану тәртібі мен өкілдік шығындардың нормаларын әзірлейді және бекітеді.

2– тарау. Өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдалану тәртібі

      4. Жергілікті бюджеттен өкілдік шығындарға қаражат бөлу облыс, республикалық маңызы бар қала, астана жергілікті атқарушы органының тиісті тәртібі негізінде жүзеге асырылады.

      5. Мынадай құжаттардың болуы өкілдік шығындарға қаражат бөлуге негіз болып табылады:

      1) іс-шараларды өткізу қажеттігінің негіздемесі;

      2) ресми делегацияның келуі бағдарламасы;

      3) іс-шараларды дайындау жоспары;

      4) қатысушылар саны туралы деректер;

      5) өкілдік шығындардың нормаларына сәйкес әрбір шығын бабы бойынша есептері бар шығыстар сметасы және шығындар көлемін растайтын құжаттар (шығындар калькуляциясы, прайс-парақтар және өзге де құжаттар);

      6) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шығындар сметасы бойынша қорытындысы.

      6. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі іс-шаралар өткізілгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына бірінші басшының (оны ауыстыратын тұлғаның) қолын қойдырып өкілдік шығындарға бөлінген қаражатты пайдалану туралы есепті тапсырады, ол мыналарды қамтиды:

      1) іс-шараны жүргізу үшін негіздеме, осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген шығыстар сметасы мен құжаттар;

      2) өткізілген іс-шараға қатысушылардың нақты санын растайтын құжат;

      3) шығыстар сметасы бойынша іс жүзіндегі шығындарды растайтын құжаттардың көшірмелері (сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құны мен көлемі көрсетілген түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері, шарттар).

3– тарау. Өкілдік шығындардың нормаларын айқындау тәртібі

      7. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана жергілікті атқарушы органы өкілдік шығындардың қажеттілігін осы шығындардың жүзеге асырылу қажеттілігін, негізділігін және орындылығын талдау нәтижелері негізінде жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуын ескере отырып айқындайды.

      8. Өкілдік шығындардың нормалары мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына негізделу;

      2) нақты және айқын болуы;

      3) әртүрлі оқылуды болдырмау және олардың тәжірибеде еркін қолданылу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 14.10.2024 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Өкілдік шығындардың нормалары кесте түрінде әзірленеді, онда:

      1) өкілдік шығындардың атауы;

      2) теңгемен, бір бірлікке есеппен өкілдік шығындардың құны көрсетіледі.

      Қажет болған кезде, ескертпелерге сілтемелер жасалады, өкілдік шығындар нормаларының қолданылуын нақтылау келтіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады