О внесении изменений и дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 декабря 2022 года № 301 "О некоторых вопросах государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области"

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 14 июня 2024 года № 141

      В соответствии со статьями 17, 164 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы "Об утверждении Правил определения соотношения руководящего и исполнительского состава административных государственных служащих" от 29 августа 2023 года № 176 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33343) Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 декабря 2022 года № 301 "О некоторых вопросах государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области" следующие изменения и дополнение:

      в положении о государственном учреждении "Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области", утвержденном указанным постановлением:

      в главе 3 "Статус и полномочия первого руководителя государственного органа":

      подпункт 7) пункта 18 изложить в следующей редакции:

      "7) принимает на работу и увольняет с работы лиц и иных работников Управления, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, а также руководителей организаций, находящихся в ведении Управления;";

      в перечне организаций, находящихся в ведении Управления и его ведомств:

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Коммунальное государственное учреждение "Центр развития физической культуры Восточно-Казахстанской области" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная школа высшего спортивного мастерства по неолимпийским и национальным видам спорта" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.";

      дополнить пунктом 35 следующего содержания:

      "35. Коммунальное государственное учреждение "Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва по дзюдо" управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области.";

      приложение 2 к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Управлению физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для опубликования в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области по вопросам физической культуры и спорта.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Восточно-Казахстанской области Е. Кошербаев
      "Согласовано"
Руководитель управления экономики и
бюджетного планирования
Восточно-Казахстанской области
_______________
"14" маусым 2024 года
Ф. Бельбеев

  Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 14 июня 2024 года
№ 141
  Приложение 2 к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 6 декабря 2022 года
№ 301

Структура государственного учреждения "Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области"

      Руководитель управления

      Заместитель руководителя

      Отдел спорта высших достижений и спортивного резерва

      Отдел массового спорта

      Административно-финансовый отдел

"Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 141 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17, 164-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 176 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33343 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      "Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері" 3-тарауында:

      18-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың адамдары мен өзге де қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;";

      Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыруды дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";

      мынадай мазмұндағы 35-тармақпен толықтырылсын:

      "35. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық дзюдодан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";

      көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Көшербаев
      "Келісілді"
Шығыс Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
_______________
2024 жылғы "14" маусым
Ф. Белбеев

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 141 қаулысына қосымша
  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 301 қаулысына 2-қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы

      Басқарма басшысы

      Басшының орынбасары

      Жоғары спорт жетістіктері және спорт резерві бөлімі

      Бұқаралық спорт бөлімі

      Әкімшілік-қаржы бөлімі