О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 18 сентября 2020 года № 333 "Об утверждении положения и структуры государственного учреждения "Управление цифровизации и архивов Восточно-Казахстанской области"

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 24 сентября 2024 года № 233

      В соответствии с пунктом 3 статьи 65 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственного контроля и статистики, совершенствования системы защиты населения, управления данными, регистрации юридических лиц и исключения излишней законодательной регламентации" Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 18 сентября 2020 года № 333 "Об утверждении положения и структуры государственного учреждения "Управление цифровизации и архивов Восточно-Казахстанской области" следующие дополнения:

      пункт 16 положения государственного учреждения "Управление цифровизации и архивов Восточно-Казахстанской области", утвержденного согласно приложению 1 к указанному постановлению, дополнить подпунктами 3-1) - 3-5), 20-1), 50-1) - 50-6) следующего содержания:

      "3-1) осуществление мониторинга выполнения единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности;

      3-2) осуществление деятельности по совершенствованию системы привлечения инвестиции и механизмов стимулирования разработки и реализации инвестиционных проектов в сфере информатизации;

      3-3) создание условий для развития отрасли информационно-коммуникационных технологий;

      3-4) разработка и размещение платформенных программных продуктов;

      3-5) осуществление государственного контроля в сфере информатизации в отношении субъектов частного предпринимательства в пределах соответствующей административно-территориальной единицы;

      20-1) осуществление контроля качества услуг связи, оказываемых операторами связи;

      50-1) осуществление государственного контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан об электронном документе и электронной цифровой подписи, за исключением источников комплектования Национального архива Республики Казахстан и центральных государственных архивов;

      50-2) рассмотрение обращений субъектов или их законных представителей о соответствии содержания персональных данных и способов их обработки и принимать соответствующие решения;

      50-3) осуществление государственного контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о персональных данных и их защите в отношении субъектов частного предпринимательства в пределах соответствующей административно-территориальной единицы;

      50-4) принятие мер по привлечению лиц, допустивших нарушения законодательства Республики Казахстан о персональных данных и их защите, к ответственности, установленной законами Республики Казахстан;

      50-5) требование от собственника и (или) оператора, а также третьего лица уточнения, блокирования или уничтожения недостоверных или полученных незаконным путем персональных данных;

      50-6) осуществление мер, направленных на совершенствование защиты прав субъектов.".

      2. Управлению цифровизации и архивов Восточно-Казахстанской области (Бимагамбетов К.Б.):

      1) обеспечить в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для опубликования в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области по вопросам цифровизации и архивов.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Восточно-Казахстанской области Е. Кошербаев

"Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 333 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 233 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 333 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі ережесінің 16-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1)-3-5), 20-1), 50-1)-50-6) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "3-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      3-2) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      3-3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдай жасау;

      3-4) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру;

      3-5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      20-1) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      50-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      50-2) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарау және тиісті шешімдер қабылдау;

      50-3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      50-4) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тарту жөнінде шараларды қабылдау;

      50-5) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан расталмаған немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап ету;

      50-6) субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру.".

      2. Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы (К.Б.Бимағамбетов):

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің цифрландыру және архивтер мәселелері жөніндегі бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Көшербаев