1. "Алтай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 473 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларының 1-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларының 4, 5-қосымшаларында орыс тіліндегі Нысан "Үлгілік" сөзі алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласына жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
№
|
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
|
Есептік бірлік
|
1
|
Жайлы және жайлы емес үйлер
|
1 тұрғын
|
2
|
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
|
1 орын
|
3
|
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
|
1 орын
|
4
|
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
|
1 орын
|
5
|
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
|
1 қызметкер
|
6
|
Емханалар, медициналық орталықтар
|
1 келіп кету
|
7
|
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
|
1 төсек-орын
|
8
|
Мектептер және өзге де оқу орындары
|
1 оқушы
|
9
|
Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері
|
1 отыратын орын
|
10
|
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
|
1 отыратын орын
|
11
|
Мұражайлар, көрмелер
|
Жалпы алаңы 1 м2
|
12
|
Стадиондар, спорт алаңдары
|
Жоба бойынша 1 орын
|
13
|
Спорт, би және ойын залдары
|
Жалпы алаңы 1 м2
|
14
|
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
|
сауда алаңы 1 м2
|
15
|
Машиналардан сату
|
сауда орнының 1 м2
|
16
|
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
|
Сауда алаңы 1 м2
|
17
|
Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
|
Жалпы алаңы 1 м2
|
18
|
Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету
|
Жалпы алаңы 1 м2
|
19
|
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
|
Жалпы алаңы 1 м2
|
20
|
Жағажайлар, жолдардан көше сметалары
|
Жалпы алаңы 1 м2
|
21
|
Дәріханалар
|
Сауда алаңы 1 м2
|
22
|
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС
|
1 машина-орын
|
23
|
Автомобиль шеберханалары
|
1 жұмысшы
|
24
|
Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер
|
1 гаражға
|
25
|
Шаштараздар, косметикалық салондар
|
1 жұмыс орны
|
26
|
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
|
Жалпы алаңы 1 м2
|
27
|
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
|
Жалпы алаңы 1 м2
|
28
|
Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
|
1 жұмыс орны
|
29
|
Моншалар, сауналар
|
Жалпы алаңы 1 м2
|
30
|
Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары
|
1000 қатысушы
|
31
|
Бау-бақша кооперативтері
|
1 учаске
|