Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алтай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 473 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларының 1-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларының 4, 5-қосымшаларында орыс тіліндегі Нысан "Үлгілік" сөзі алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласына жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының әкімі | Р. Курмамбаев |
Алтай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 414 қаулысына қосымша |
|
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 1-қосымша |
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 |
18 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске |