О внесении изменения в постановление акимата Уланского района от 24 января 2023 года № 26 "Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Уланскому району"

Постановление акимата Уланского района Восточно-Казахстанской области от 30 октября 2024 года № 429

      Акимат Уланского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Уланского района "Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Уланскому району" от 24 января 2023 года № 26 следующее изменение:

      приложение 1 к Правилам расчета норм образования и накопления коммунальных отходов изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению, текст приложения 1 на русском языке не меняется.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима в сфере жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог Уланского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования

      Аким Уланского района А. Бекбосынов

"Ұлан ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" Ұлан ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 26 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 429 қаулысы

      Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлан ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" Ұлан ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 26 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын, 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары саласына жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі А. Бекбосынов

  Ұлан ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 30 қазандағы
№ 429 қаулысына қосымша
  Коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу
нормаларын есептеу
қағидаларына 1-қосымша

Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

     №

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1.

Жайлы үйлер

1 тұрғын

Жайлы емес үйлер

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

4.

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

6.

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

7.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

8.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

11.

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

12.

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

13.

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

14.

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

15.

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

16.

Базарлар,сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

17.

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

18.

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

19.

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

20.

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

жалпы алаңы 1 м2

21.

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

22.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

23.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

24.

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

25.

Шаштараздар,косметикалық салондар

1 жұмыс орны

26.

Кір жуатын орындар,химиялық тазалау орындары,тұрмыстық техниканы жөндеу орындары,тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

27.

Зергерлік,аяқ киімді,сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

28.

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

29

Моншалар,сауналар

жалпы алаңы 1 м2

30.

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды,саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

31.

Бау-бақша кооперативтері

1 жер телімі