О внесении изменения в Единый перечень товаров, к которым применяются запреты или ограничения на ввоз или вывоз государствами – членами Таможенного союза в рамках Евразийского экономического сообщества в торговле с третьими странами

Решение Коллегии Евразийской Экономической Комиссии от 8 ноября 2016 года № 140

      В связи с истечением срока действия импортной квоты, введенной Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 июня 2013 г. № 143 «О применении специальной защитной меры посредством введения импортной квоты в отношении зерноуборочных комбайнов и модулей зерноуборочных комбайнов», Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:
      1. В Едином перечне товаров, к которым применяются запреты или ограничения на ввоз или вывоз государствами – членами Таможенного союза в рамках Евразийского экономического сообщества в торговле с третьими странами, утвержденном Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 16 августа 2012 г. № 134, раздел 2.29 исключить.
      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
      Евразийской экономической комиссии         Т. Саркисян

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үшінші елдермен саудада әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 8 қарашадағы № 140 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндардың модульдеріне қатысты импорттық квота енгізу арқылы арнайы қорғау шараларын қолдану туралы" 2013 жылғы 25 маусымдағы № 143 шешімімен енгізілген импорттық квотаның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үшінші елдермен саудада әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіндегі 2.29-бөлім алып тасталсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян