Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1.Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымша мынадай мазмұндағы 135-тармақпен толықтырылсын:
"135. Үшінші тараптармен саудада шектеу шараларын жою мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара іс-қимыл тәртібін бекіту.".
2.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан