О переходных положениях технического регламента Евразийского экономического союза "О безопасности рыбы и рыбной продукции" (ТР ЕАЭС 040/2016)

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 24 апреля 2017 года № 40

      В соответствии с пунктом 2 статьи 52 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, пунктом 3 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и пунктом 11 приложения № 2 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, с учетом абзаца пятого пунктом 11 Порядка разработки, принятия, изменения и отмены технических регламентов Евразийского экономического союза, утвержденного Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 20 июня 2012 г. № 48, Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Установить, что:

      а) документы об оценке соответствия обязательным требованиям, установленным актами, входящими в право Евразийского экономического союза (далее – Союз), или законодательством государства – члена Союза (далее – государство-член), выданные или принятые в отношении продукции, являющейся объектом технического регулирования технического регламента Евразийского экономического союза "О безопасности рыбы и рыбной продукции" (ТР ЕАЭС 040/2016) (далее соответственно – продукция, технический регламент), до дня вступления в силу технического регламента, действительны до окончания срока их действия, но не позднее 1 сентября 2019 г.

      Со дня вступления в силу технического регламента выдача или принятие документов об оценке соответствия продукции обязательным требованиям, ранее установленным актами, входящими в право Союза, или законодательством государства-члена, не допускается;

      б) до 1 марта 2019 г. допускаются производство и выпуск в обращение на территориях государств-членов продукции, не подлежавшей до дня вступления в силу технического регламента обязательной оценке соответствия обязательным требованиям, установленным актами, входящими в право Союза, или законодательством государства-члена, без документов об обязательной оценке соответствия продукции и без маркировки национальным знаком соответствия (знаком обращения на рынке);

      в) до 1 сентября 2019 г. допускаются производство и выпуск в обращение на территориях государств-членов продукции в соответствии с обязательными требованиями, ранее установленными актами, входящими в право Союза, или законодательством государства-члена, при наличии документов об оценке соответствия продукции указанным обязательным требованиям, выданных или принятых до дня вступления в силу технического регламента.

      Продукция маркируется национальным знаком соответствия (знаком обращения на рынке) в соответствии с законодательством государства-члена. Маркировка такой продукции единым знаком обращения продукции на рынке Союза не допускается;

      г) обращение продукции, указанной в подпунктах "б" и "в" настоящего пункта, допускается в течение срока годности такой продукции, установленного в соответствии с законодательством государства-члена.

      2. Просить Правительство Республики Казахстан совместно с государствами-членами обеспечить разработку и представление в Евразийскую экономическую комиссию до дня вступления в силу технического регламента:

      а) проекта программы по разработке (внесению изменений, пересмотру) межгосударственных стандартов, содержащих правила и методы исследований (испытаний) и измерений, в том числе правила отбора образцов, необходимые для применения и исполнения требований технического регламента и осуществления оценки соответствия объектов технического регулирования;

      б) проекта перечня продукции, в отношении которой подача таможенной декларации сопровождается представлением документа об оценке соответствия требованиям технического регламента.

      3. Члену Коллегии (Министру) по техническому регулированию Евразийской экономической комиссии Корешкову В. Н. до 1 сентября 2017 г. обеспечить подготовку и представление для рассмотрения Коллегией Евразийской экономической комиссии проекта решения Коллегии Евразийской экономической комиссии о внесении изменений в Решение Комиссии Таможенного союза от 28 мая 2010 г. № 299 в части применения в отношении продукции Единых санитарно-эпидемиологических и гигиенических требований к товарам, подлежащим санитарно-эпидемиологическому надзору (контролю).

      4. Настоящее Решение вступает в силу с даты вступления в силу Решения Совета Евразийской экономической комиссии о принятии технического регламента Евразийского экономического союза "О безопасности рыбы и рыбной продукции", но не ранее чем по истечении 30 календарных дней с даты официального опубликования настоящего Решения.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической
комиссии
Т. Саркисян

Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) өтпелі ережелері туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 40 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу және күшін жою тәртібі 38-тармағының бесінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімдерге қатысты (бұдан әрі тиісінше – өнім, техникалық регламент) техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына енетін актілермен немесе Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2019 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей қолданылады.

      Техникалық регламент күшіне енген күннен бастап өнімнің Одақтың құқығына енетін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға рұқсат етілмейді;

      б) 2019 жылғы 1 наурызға дейін мүше мемлекеттердің аумақтарында техникалық регламент күшіне енген күнге дейін Одақ құқығына енетін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін міндетті бағалауға жатпайтын өнімдерді өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналым белгісімен) таңбалаусыз  өндіруге және айналымға шығаруға рұқсат етіледі;

      в) 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін мүше мемлекеттердің аумақтарында бұрын Одақ құқығына енетін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкес техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған жағдайда өнімдерді өндіруге және айналымға шығаруға рұқсат етіледі.

      Өнім мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналым белгісімен) таңбаланады. Мұндай өнімді Одақ нарығында өнімнің бірыңғай айналым белгісімен таңбалауға рұқсат етілмейді;

      г) осы тармақтың "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген өнімдердің айналымына мұндай өнімнің мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде рұқсат етіледі деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінен:

      а) зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) бойынша бағдарлама жобасын;

      б) оларға қатысты кедендік декларация тапсыру техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі туралы құжатты ұсынумен ілесе жүргізілетін өнімдер тізбесінің жобасын мүше мемлекеттермен бірлесе отырып әзірлеуді және техникалық регламент күшіне енген күнге дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) В.Н. Корешков 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешіміне өнімдерге қатысты Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды қолдану бөлігінде өзгерістер енгізу туралы шешімі жобасын әзірлеуді және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының қарауына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы шешімі күшіне енген күннен бастап, бірақ ерте дегенде осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян