Об отдельных вопросах, связанных с транспортными средствами для личного пользования

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 30 июня 2017 года № 74.

      В соответствии с подпунктом 50 пункта 1 статьи 2 и пунктом 12 статьи 266 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Утвердить прилагаемые:

      перечень отдельных видов авто- и мототранспортных средств и прицепов к авто- и мототранспортным средствам, являющихся транспортными средствами для личного пользования;

      Порядок определения момента выпуска и рабочего объема двигателя авто- и мототранспортных средств, являющихся транспортными средствами для личного пользования.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования, но не ранее даты вступления в силу Договора о Таможенном кодексе Евразийского экономического союза от 11 апреля 2017 года.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической
комиссии
Т. Саркисян

  УТВЕРЖДЕН
Решением Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 30 июня 2017 г. № 74

ПЕРЕЧЕНЬ
отдельных видов авто- и мототранспортных средств
и прицепов к авто- и мототранспортным средствам,
являющихся транспортными средствами для личного пользования

      1. Автомобили легковые (за исключением автомобилей, специально предназначенных для медицинских целей) и прочие моторные транспортные средства, предназначенные главным образом для перевозки людей, классифицируемые в товарной позиции 8703 ТН ВЭД ЕАЭС.

      2. Квадроциклы, снегоходы, снегоболотоходы, мотовездеходы и иные моторные транспортные средства, не предназначенные для движения по дорогам общего пользования (за исключением гоночных автомобилей, не предназначенных для движения по дорогам общего пользования), классифицируемые в товарной позиции 8703 ТН ВЭД ЕАЭС.

      3. Мотоциклы, мопеды, мотороллеры, классифицируемые в товарной позиции 8711 ТН ВЭД ЕАЭС.

      4. Моторные транспортные средства для перевозки не более 12 человек, включая водителя, классифицируемые в товарной позиции 8702 ТН ВЭД ЕАЭС, моторные транспортные средства для перевозки грузов с полной массой до 5 тонн включительно, классифицируемые в субпозициях 8704 21, 8704 31, 8704 41 и 8704 51 ТН ВЭД ЕАЭС, за исключением моторных транспортных средств, специально предназначенных для перевозки высокорадиоактивных материалов.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 01.03.2022 № 31 (вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования).

      5. Прицепы (за исключением прицепов для перевозки автомобилей) с полной массой до 3,5 тонны включительно, классифицируемые в товарной позиции 8716 ТН ВЭД ЕАЭС, прицепы типа "дом-автоприцеп" для проживания или для автотуристов, классифицируемые в субпозиции 8716 10 ТН ВЭД ЕАЭС.

 
  УТВЕРЖДЕН
Решением Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 30 июня 2017 г. № 74

ПОРЯДОК
определения момента выпуска и рабочего объема двигателя
авто- и мототранспортных средств,
являющихся транспортными средствами для личного пользования

      1. Настоящий Порядок устанавливает правила определения момента выпуска и рабочего объема двигателя авто- и мототранспортных средств, являющихся транспортными средствами для личного пользования (далее – транспортное средство).

      2. Момент выпуска, то есть дата изготовления, и рабочий объем двигателя транспортного средства определяются декларантом и таможенным органом на основании:

      информации о дате изготовления и рабочем объеме двигателя транспортного средства, содержащейся в документах, подтверждающих регистрацию этого средства в государстве предыдущей регистрации;

      информации изготовителя транспортного средства, закодированной в идентификационном номере этого средства или содержащейся на идентификационных наклейках, табличках кузова, шасси автотранспортного средства и идентификационных наклейках, табличках рамы, двигателя мототранспортного средства.

      3. В случае отсутствия указанной в пункте 2 настоящего Порядка информации или невозможности однозначного определения на ее основании момента выпуска и (или) рабочего объема двигателя транспортного средства, а также в целях проверки указанной информации момент выпуска и (или) рабочий объем двигателя транспортного средства определяются декларантом на основании вспомогательных источников информации, в качестве которых могут применяться заключение представителя изготовителя транспортного средства в государстве – члене Евразийского экономического союза (далее – государство-член), заключение торгово-промышленной палаты государства-члена (иной аналогичной организации) или экспертной организации государства-члена, а также другие справочные и информационные источники.

      4. В случае отсутствия указанной в пункте 2 настоящего Порядка информации или невозможности однозначного определения на ее основании момента выпуска и (или) рабочего объема двигателя транспортного средства, а также в целях проведения таможенного контроля (в том числе после выпуска этого средства) момент выпуска и (или) рабочий объем двигателя транспортного средства определяются таможенным органом на основании вспомогательных источников информации, в качестве которых могут применяться заключение представителя изготовителя транспортного средства в государстве-члене, заключение торгово-промышленной палаты государства-члена (иной аналогичной организации), заключение таможенного эксперта (эксперта), другие справочные и информационные источники.

      Таможенный орган вправе применять вспомогательные источники информации, ранее использованные в соответствии с пунктом 3 настоящего Порядка и представленные декларантом.

      5. В случае если на основании пунктов 2 – 4 настоящего Порядка определен год изготовления транспортного средства, моментом выпуска считается 1 июля года его изготовления, если определены год и месяц изготовления, – 15-е число месяца изготовления.

      В случае если на основании пунктов 2 – 4 настоящего Порядка рабочий объем двигателя транспортного средства не определен, рабочим объемом считается максимальный рабочий объем двигателя, который может устанавливаться изготовителем на соответствующую модель транспортного средства согласно справочным и информационным источникам.

Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарымен байланысты жекелеген мәселелер туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 74 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 2-бабының 1-тармағы 50-тармақшасына және 266-бабының 12-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мото көлік құралдары мен авто және мото көлік құралдарына тіркемелердің жекелеген түрлерінің тізбесі;

      Жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мото көлік құралдары қозғалтқышының шығарылған мезетін және жұмыс көлемін анықтау тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексі туралы шарты күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 74 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мото көлік
құралдары мен авто және мото көлік құралдарына тіркемелердің жекелеген түрлерінің
ТІЗБЕСІ

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 тауар позициясында сыныпталатын, басты түрде адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер (арнайы медициналық мақсаттарға арналған автомобильдерді қоспағанда) мен өзге де моторлы көлік құралдары.

      2. ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 тауар позициясында сыныпталатын квадроциклдар, қар кешкіштер, қар-батпақ кешкіштер, жол талғамайтын мотокөліктер және өзге де жалпы пайдалану жолдары бойымен қозғалысқа арналмаған моторлы көлік құралдары (жалпы пайдалану жолдары бойымен қозғалысқа арналмаған жарыс автомобильдерін қоспағанда).

      3. ЕАЭО СЭҚ ТН 8711 тауар позициясында сыныпталатын мотоциклдер, мопедтер, мотороллерлер.

      4. ЕАЭО СЭҚ ТН 8702 тауар позициясында сыныпталатын, жүргізушіні қоса алғанда 12-ден аспайтын адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 21 және 8704 31 қосалқы позицияларында сыныпталатын толық салмағы қоса алғанда 5 тоннаға дейінгі жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары.

      5. ЕАЭО СЭҚ ТН 8716 тауар позициясында сыныпталатын толық салмағы қоса алғанда 3,5 тоннаға дейінгі тіркемелер (автомобильдерді тасымалдауға арналған тіркемелерді қоспағанда), ЕАЭО СЭҚ ТН 8716 10 қосалқы позициясында сыныпталатын тұруға арналған немесе автотуристерге арналған "үй-автотіркеме" типті тіркемелер.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 74 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мото көлік
құралдары қозғалтқышының шығарылған мезетін және жұмыс көлемін анықтау
ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп жеке пайдалануға арналған көлік құралдары (бұдан әрі – көлік құралы) болып табылатын авто және мото көлік құралдары қозғалтқышының шығарылған мезетін және жұмыс көлемін анықтау қағидаларын белгілейді.

      2. Көлік құралдары қозғалтқышының шығарылған мезетін, яғни дайындалған күнін және жұмыс көлемін декларант және кеден органы негізінде анықтайды:

      осы құралдың алдыңғы тіркелген мемлекетте тіркелгенін растайтын құжаттарға қамтылған көлік құралы қозғалтқышының дайындалған күні және жұмыс көлемі туралы ақпарат;

      көлік құралын жасаушының осы құралдың сәйкестендіру нөмірінде кодталған немесе автокөлік құралы шанағының, шассиінің жапсырмаларында, тақтайшаларында және мотокөлік құралының сәйкестендіру жапсырмаларында, рама тақтайшаларда, қозғалтқышында қамтылған ақпарат негізінде анықтайды.

      3. Осы Тәртіптің 2-тармағында көрсетілген ақпарат болмаған немесе оның негізінде көлік құралы қозғалтқышының шығарылған мезетін және (немесе) жұмыс көлемін бір мәнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ көрсетілген ақпаратты тексеру мақсатында көлік құралы қозғалтқышының шығарылған мезетін және (немесе) жұмыс көлемін декларант Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттегі (бұдан әрі – мүше мемлекет) көлік құралын жасаушы өкілінің қорытындысы, мүше мемлекеттің сауда-өнеркәсіптік палатасының (өзге ұқсас ұйымның) немесе мүше мемлекеттің сараптама ұйымының қорытындысы, сондай-ақ басқа да анықтамалық және ақпараттық дереккөздер қолданылуы мүмкін қосалқы ақпарат дереккөздерінің негізінде аннықтайды.

      4. Осы Тәртіптің 2-тармағында көрсетілген ақпарат болмаған немесе оның негізінде көлік құралы қозғалтқышының шығарылған мезетін және (немесе) жұмыс көлемін бір мәнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу мақсатында (соның ішінде осы құрал шығарылғаннан кейін) көлік құралы қозғалтқышының шығарылған сәтін және (немесе) жұмыс көлемін кеден органы мүше мемлекеттегі көлік құралын жасаушы өкілінің қорытындысы, мүше мемлекеттің сауда-өнеркәсіптік палатасының (өзге ұқсас ұйымының) қорытындысы, кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы, басқа да анықтамалық және ақпараттық дереккөздер қолданылуы мүмкін қосалқы ақпарат дереккөздерінің негізінде анықтайды.

      Кеден органы бұрын осы Тәртіптің 3-тармағына сәйкес пайдаланылған және декларант ұсынған қосалқы ақпарат дереккөздерін қолдануға құқылы.

      5. Егер осы Тәртіптің 2 – 4-тармақтары негізінде көлік құралының шығарылған жылы анықталған жағдайда шығарылған мезеті ол жасалған жылдың 1 шілдесі, егер шығарылған жылы және айы анықталған болса – шығарылған айдың 15 жұлдызы деп есептеледі.

      Егер осы Тәртіптің 2 – 4-тармақтары негізінде көлік құралы қозғалтқышының жұмыс көлемі анықталмаған жағдайда, жұмыс көлемі деп жасаушы тиісті көлік құралы моделіне анықтамалық және ақпараттық дереккөздерге сәйкес белгілеген қозғалтқыштың ең жоғары жұмыс көлемі есептеледі.