О развитии сотрудничества государств - членов Евразийского экономического союза в сфере предоставления космических и геоинформационных услуг на основе национальных источников данных дистанционного зондирования Земли

Распоряжение Высшего Евразийского экономического совета от 6 декабря 2018 года № 6.

      В соответствии с распоряжением Высшего Евразийского экономического совета от 11 октября 2017 г. № 4 и с учетом информации о развитии сотрудничества государств - членов Евразийского экономического союза (далее - государства-члены) в сфере предоставления космических и геоинформационных услуг на основе национальных источников данных дистанционного зондирования Земли:

      1. Одобрить прилагаемые предложения о развитии сотрудничества государств - членов Евразийского экономического союза в сфере предоставления космических и геоинформационных услуг на основе национальных источников данных дистанционного зондирования Земли.

      2. Государствам-членам на основании одобренных настоящим распоряжением предложений разработать на базе евразийской технологической платформы "Космические и геоинформационные технологии - продукты глобальной конкурентоспособности" при координирующей роли Евразийской экономической комиссии проект межгосударственной программы "Интегрированная система государств - членов Евразийского экономического союза по предоставлению космических и геоинформационных услуг на основе национальных источников данных дистанционного зондирования Земли" (далее - межгосударственная программа).

      3. Государствам-членам, заинтересованным в сотрудничестве в сфере предоставления космических и геоинформационных услуг на основе национальных источников данных дистанционного зондирования Земли, представить на рассмотрение Евразийского межправительственного совета проект межгосударственной программы, предусматривающей интеграцию национальных космических систем, проектирование и производство современных космических аппаратов в рамках кооперации предприятий заинтересованных государств- членов.

      4. Правительствам государств-членов, заинтересованных в сотрудничестве в сфере предоставления космических и геоинформационных услуг на основе национальных источников данных дистанционного зондирования Земли, обеспечить в порядке, предусмотренном законодательством государств-членов, осуществление мероприятий межгосударственной программы в составе национальных космических программ и их необходимое финансирование.

      5. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза.


      Члены Высшего Евразийского экономического совета:

От Республики Армения

От Республики Беларусь

От Республики Казахстан

От Кыргызской Республики

От Российской Федерации

 
  ОДОБРЕНЫ
распоряжением Высшего
Евразийского экономического
совета от 6 декабря 2018 года
№ 6

ПРЕДЛОЖЕНИЯ
о развитии сотрудничества государств - членов Евразийского экономического союза в сфере предоставления космических и геоинформационных услуг на основе национальных источников данных дистанционного зондирования Земли

Содержание предложения

Период реализации

1. Сформировать механизм взаимодействия национальных (коммерческих) операторов дистанционного зондирования Земли по коммерциализации продуктов дистанционного зондирования Земли и геоинформационных сервисов на рынках третьих стран

2019-2020 годы

2. Сформировать совместную орбитальную группировку космических аппаратов дистанционного зондирования Земли государств - членов Евразийского экономического союза (далее - государства-члены) на базе действующих и перспективных космических аппаратов, созданных и создаваемых в рамках национальных космических программ

2019 - 2021 годы

3. Создать единый аппаратно-программный комплекс скоординированного использования национальных наземных комплексов управления космическими аппаратами и комплексов приема данных дистанционного зондирования Земли государств-членов

2020-2021 годы

4. Создать интегрированную информационно-поисковую систему по данным дистанционного зондирования Земли государств-членов с сервисами по геопространственной экономической аналитике процессов территориального развития в государствах-членах

2020 - 2022 годы

5. Сформировать промышленную кооперацию предприятий государств-членов по совместной разработке и производству перспективных космических аппаратов дистанционного зондирования Земли с аппаратурой среднего и высокого пространственного разрешения, не уступающих лучшим мировым аналогам

2020-2027 годы

6. Обеспечить в порядке, предусмотренном законодательством государств-членов, осуществление мероприятий межгосударственной программы "Интегрированная система государств - членов Евразийского экономического союза по предоставлению космических и геоинформационных услуг на основе национальных источников данных дистанционного зондирования Земли" (далее - межгосударственная программа) в составе национальных космических программ государств-членов и их необходимое финансирование за счет бюджетных средств, предусматриваемых на реализацию национальных космических программ, и за счет собственных и привлекаемых средств предприятий - участников евразийской технологической платформы "Космические и геоинформационные технологии - продукты глобальной конкурентоспособности"

2019-2027 годы

7. Назначить ответственными за исполнение межгосударственной - программы: от Республики Беларусь - Национальную академию наук Беларуси, от Республики Казахстан - Аэрокосмический комитет Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, от Российской Федерации - Госкорпорацию "Роскосмос"

-


Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 6 Өкімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы №4 өкіміне сәйкес және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы ақпаратты ескере отырып:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы ұсыныстар мақұлдансын.

      2. Мүше мемлекеттер осы Өкіммен мақұлданған ұсыныстар негізінде Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлестірушілік рөлімен "Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің өнімдері" Еуразиялық технологиялық платформасы базасында "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі интеграцияланған жүйесі" мемлекетаралық бағдарламасының жобасын әзірлесін.

      3. Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі мүше мемлекеттер ұлттық ғарыш жүйелерінің интеграциясын, мүдделі мүше мемлекеттер кәсіпорындарының кооперациясы шеңберінде қазіргі заманғы ғарыш аппараттарын жобалауды және жасауды көздейтін мемлекетаралық бағдарлама жобасын Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынсын.

      4. Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі мүше мемлекеттердің үкіметтері мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіпте мемлекетаралық бағдарламаның іс-шараларын ұлттық ғарыштық бағдарламалар құрамында жүзеге асыруды және қамтамасыз етсін.

      5. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан



  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2018 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 6 өкімімен
МАҚҰЛДАНҒАН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы ҰСЫНЫСТАР

Ұсыныстардың мазмұны

Іске асыру кезеңі

1.Жерді дистанциялық зондтау өнімдерін коммерцияландыру жөніндегі Жерді дистанциялық зондтау ұлттық (коммерциялық) операторлары мен үшінші елдердің нарықтарындағы геоақпараттық сервистердің өзара іс-қимыл механизмін қалыптастыру.

2019-2020 жылдар

2.Ұлттық ғарыштық бағдарламалар шеңберінде құрылған және құрылатын қолданыстағы және перспективалық ғарыштық аппараттар базасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) Жерді дистанциялық зондтаудың ғарыштық апараттарының бірлескен орбиталық топталымын қалыптастыру

2019-2021 жылдар

3.Мүше мемлекеттердің ғарыштық аппараттарды басқарудың ұлттық жерүсті кешендерін үйлестіріп пайдаланудың бірыңғай аппараттық-бағдарламалық кешенін және Жерді дистанциялық зондтау деректерін қабылдау кешендерін құру

2020-2021 жылдар

4.Мүше мемлекеттердің мүше мемлекеттердегі аумақтық даму процестерін геокеңістіктік экономикалық талдау жөніндегі сервистері бар Жерді дистанциялық зондтау деректері жөніндегі интеграцияланған ақпараттық-іздеу жүйесін құру

2020-2022 жылдар

5.Мүше мемлекеттердің таңдаулы әлемдік аналогтардан кем түспейтін орташа және жоғары кеңістіктік ажыратымды аппаратурасы бар Жерді дистанциялық зондтаудың перспективалы ғарыштық аппараттарын бірлесіп әзірлеу және жасау жөнінде мүше мемлекеттер кәсіпорындарының өнеркәсіптік кооперациясын қалыптастыру

2020-2027 жылдар

6.Мүше мемлекеттердің ұлттық ғарыштық бағдарламалары құрамында "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі интеграцияланған жүйесі" мемлекетаралық бағдарламасының (бұдан әрі - мемлекетаралық бағдарлама) іс-шараларын мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіпте жүзеге асыруды және ұлттық ғарыштық бағдарламаларды іске асыруға көзделген бюджеттік қаражаттар есебі мен дербес және "Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің өнімдері" Еуразиялық технологиялық платформасының қатысушы кәсіпорындарының тартылған қаражаттары еесебінен оларды қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ету
7.Мемлекетаралық бағдарламаларды орындауға жауапты етіп: Беларусь Республикасынан – Беларусь Ұлттық ғылым академиясын, Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетін, Ресей Федерациясынан - "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясын тағайындау

2019-2027 жылдар