Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы №4 өкіміне сәйкес және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы ақпаратты ескере отырып:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы ұсыныстар мақұлдансын.
2. Мүше мемлекеттер осы Өкіммен мақұлданған ұсыныстар негізінде Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлестірушілік рөлімен "Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің өнімдері" Еуразиялық технологиялық платформасы базасында "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі интеграцияланған жүйесі" мемлекетаралық бағдарламасының жобасын әзірлесін.
3. Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі мүше мемлекеттер ұлттық ғарыш жүйелерінің интеграциясын, мүдделі мүше мемлекеттер кәсіпорындарының кооперациясы шеңберінде қазіргі заманғы ғарыш аппараттарын жобалауды және жасауды көздейтін мемлекетаралық бағдарлама жобасын Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынсын.
4. Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі мүше мемлекеттердің үкіметтері мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіпте мемлекетаралық бағдарламаның іс-шараларын ұлттық ғарыштық бағдарламалар құрамында жүзеге асыруды және қамтамасыз етсін.
5. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 6 өкімімен МАҚҰЛДАНҒАН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы ҰСЫНЫСТАР
Ұсыныстардың мазмұны | Іске асыру кезеңі |
1.Жерді дистанциялық зондтау өнімдерін коммерцияландыру жөніндегі Жерді дистанциялық зондтау ұлттық (коммерциялық) операторлары мен үшінші елдердің нарықтарындағы геоақпараттық сервистердің өзара іс-қимыл механизмін қалыптастыру. | 2019-2020 жылдар |
2.Ұлттық ғарыштық бағдарламалар шеңберінде құрылған және құрылатын қолданыстағы және перспективалық ғарыштық аппараттар базасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) Жерді дистанциялық зондтаудың ғарыштық апараттарының бірлескен орбиталық топталымын қалыптастыру | 2019-2021 жылдар |
3.Мүше мемлекеттердің ғарыштық аппараттарды басқарудың ұлттық жерүсті кешендерін үйлестіріп пайдаланудың бірыңғай аппараттық-бағдарламалық кешенін және Жерді дистанциялық зондтау деректерін қабылдау кешендерін құру | 2020-2021 жылдар |
4.Мүше мемлекеттердің мүше мемлекеттердегі аумақтық даму процестерін геокеңістіктік экономикалық талдау жөніндегі сервистері бар Жерді дистанциялық зондтау деректері жөніндегі интеграцияланған ақпараттық-іздеу жүйесін құру | 2020-2022 жылдар |
5.Мүше мемлекеттердің таңдаулы әлемдік аналогтардан кем түспейтін орташа және жоғары кеңістіктік ажыратымды аппаратурасы бар Жерді дистанциялық зондтаудың перспективалы ғарыштық аппараттарын бірлесіп әзірлеу және жасау жөнінде мүше мемлекеттер кәсіпорындарының өнеркәсіптік кооперациясын қалыптастыру | 2020-2027 жылдар |
6.Мүше мемлекеттердің ұлттық ғарыштық бағдарламалары құрамында "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық дереккөздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі интеграцияланған жүйесі" мемлекетаралық бағдарламасының (бұдан әрі - мемлекетаралық бағдарлама) іс-шараларын мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіпте жүзеге асыруды және ұлттық ғарыштық бағдарламаларды іске асыруға көзделген бюджеттік қаражаттар есебі мен дербес және "Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің өнімдері" Еуразиялық технологиялық платформасының қатысушы кәсіпорындарының тартылған қаражаттары еесебінен оларды қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ету | 2019-2027 жылдар |