О классификации комбинированного препарата из смеси растительного сырья в соответствии с единой Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 13 июня 2018 года № 101

      В соответствии с абзацем первым пункта 1 статьи 22 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Комбинированный препарат, содержащий экстракт из смеси растительного сырья с добавлением вспомогательных веществ, применяемый в качестве биологически активной добавки к пище как источник дубильных веществ и куркумина, в соответствии с Основным правилом интерпретации Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности 1 классифицируется в товарной позиции 2106 единой Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Т. Саркисян

Өсімдік шикізатының қоспасынан жасалған аралас препаратты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 101 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Құрамында қосымша заттар қосыла отырып өсімдік шикізатының қоспасынан жасалған сығындысы бар, иленетін заттың және куркуминнің көзі ретінде тағамға қосылатын белсенді биологиялық қоспа ретінде қолданылатын аралас препарат Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян