Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандары туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы
|
Т. Саркисян
|
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 18 желтоқсандағы № 206 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Мынадай мазмұндағы 47-тармақпен толықтырылсын:
"47. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын үй қояндарының ұрығына ветеринариялық сертификат (№ 46 нысан) (қоса беріліп отыр).".
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандары мынадай мазмұндағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын үй қояндарының ұрығына ветеринариялық сертификатпен (№ 47 нысан) толықтырылсын:
"№ 47 нысан
1. Жеткізу сипаттамасы
|
1.8. Сертификат № ___________________
|
1.1. Жүкті жөнелтушінің атауы және мекенжайы:
|
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын үй қояндарының ұрығына ветеринариялық сертификат
|
1.2. Жүкті алушының атауы және мекенжайы:
|
1.3. Жүк партиясындағы ұрық дозасының саны:
|
|
1.4. Орын (контейнерлер) саны:
|
1.9. Тауар шығарылған ел:
|
1.5. Көлік контейнеріндегі пломбаны таңбалау:
|
1.10. Экспорттаушы елдің құзыретті ведомствосы:
|
1.6. Көлік:
(ұшақ рейсінің №, кеменің атауы, вагонның, автомашинаның ннөмірі)
|
1.11. Экспорттаушы елдің сертификатты берген мекемесі:
|
1.7. Транзит ел(дер)і:
|
1.12. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу бекеті:
|
2. Ұрықтың шығу тегі
2.1. Ұрықтың донор(лар)ын – үй қоян(дар)ын ұстау орнының мекенжайы:
2.2. Әкімшілік-аумақтық бірлік:
|
3. Үй қояндары – ұрық донорлары туралы ақпарат
|
№
р/с
|
Аты
|
Сәйкестендіру нөмірі
|
Туған күні
|
Тұқымы
|
Ұрықты іріктеп алу күні
|
Ұрығы бар пробиркалар
|
таңбалау
|
доза саны
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
|
|
5-тен астам жануардың ұрығын тасымалдау кезінде экспорттаушы елдің мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігері қол қоятын және осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын тізімдеме жасалады.
|
4. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат
Мен, төменде қол қоюшы мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігер, осы құжатпен мыналарды растаймын:
4.1. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына экспортталатын үй қояндарының ұрығы ұрық алу, оны зерттеу, өңдеу, консервациялау және сақтау үшін жағдай жасалған үй-жайлардағы дені сау жануарлардан алынды.
Үй қояндары – ұрық донорлары жануарлардың мынадай жұқпалы ауруларынан таза ұстау орындарынан шыққан:
үй қояндарының геморрагиялық ауруы – соңғы 12 ай ішінде, бұл серологиялық зерттеу нәтижелерімен расталады;
миксоматоз – соңғы 6 ай ішінде.
|
4.2. Үй қояндарына – ұрық донорларына соңғы 12 ай ішінде үй қояндарының геморрагиялық ауруына қарсы вакцина салынбады.
|
4.3. Үй қояндары – ұрық донорлары оларға қатысты ветеринариялық-санитариялық шектеулер белгіленбеген орындардан шығады.
|
4.4. Үй қояндары – ұрық донорлары ұрық алардың алдындағы 30 күннің ішінде аккредиттелген зертханада үй қояндарының геморрагиялық ауруына теріс нәтижелермен (зертхананың атауын, зерттеу күнін және әдісін көрсету) зерттелді.
|
4.5. Үй қояндары – ұрық донорлары ұрық алынғанға дейін кемінде 30 күн бұрын табиғи ұрықтандыру үшін пайдаланылмады және мұндай мүмкіндікті болдырмайтын жағдайларда болды.
|
4.6. Үй қояндары – ұрық донорлары ұрық алынғанға дейін термометриямен клиникалық тексеруден өтті.
|
4.7. Ұрықтың құрамында патогендік және токсикогендік микроорганизмдер жоқ.
|
4.8. Ұрық ХЭБ Жерүсті жануарларының денсаулығы кодексінің ұсынымдарына сәйкес алынды, сақталды және тасымалданады.
|
Орны _____________________ Күні _________________ Мөр
Мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігердің қолы ________________________
Т.А.Ә. және лауазымы ___________________________________________________
Ескертулер: 1. Қолы және мөр бланкінің түсінен өзгеше болуы тиіс.
2. Ветеринариялық сертификат орыс тілінде, сондай-ақ экспорттаушы елдің
тілінде және (немесе) ағылшын тілінде ресімделеді.".