Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 18 желтоқсандағы № 206 шешімі

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандары туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 206 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мынадай мазмұндағы 47-тармақпен толықтырылсын:

      "47. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын үй қояндарының ұрығына ветеринариялық сертификат (№ 46 нысан) (қоса беріліп отыр).".

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандары мынадай мазмұндағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын үй қояндарының ұрығына ветеринариялық сертификатпен (№ 47 нысан) толықтырылсын:

      "№ 47 нысан

1. Жеткізу сипаттамасы

1.8. Сертификат № ___________________

1.1. Жүкті жөнелтушінің атауы және мекенжайы:

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын үй қояндарының ұрығына ветеринариялық сертификат

1.2. Жүкті алушының атауы және мекенжайы:

1.3. Жүк партиясындағы ұрық дозасының саны:

1.4. Орын (контейнерлер) саны:

1.9. Тауар шығарылған ел:

1.5. Көлік контейнеріндегі пломбаны таңбалау:

1.10. Экспорттаушы елдің құзыретті ведомствосы:

1.6. Көлік:
(ұшақ рейсінің №, кеменің атауы, вагонның, автомашинаның ннөмірі)

1.11. Экспорттаушы елдің сертификатты берген мекемесі:

1.7. Транзит ел(дер)і:

1.12. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу бекеті:

2. Ұрықтың шығу тегі
2.1. Ұрықтың донор(лар)ын – үй қоян(дар)ын ұстау орнының мекенжайы:
2.2. Әкімшілік-аумақтық бірлік:

3. Үй қояндары – ұрық донорлары туралы ақпарат


р/с

Аты

Сәйкестендіру нөмірі

Туған күні

Тұқымы

Ұрықты іріктеп алу күні

Ұрығы бар пробиркалар

таңбалау

доза саны

1.








2.








3.








4.








5.








5-тен астам жануардың ұрығын тасымалдау кезінде экспорттаушы елдің мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігері қол қоятын және осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын тізімдеме жасалады.

4. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат
Мен, төменде қол қоюшы мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігер, осы құжатпен мыналарды растаймын:
4.1. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына экспортталатын үй қояндарының ұрығы ұрық алу, оны зерттеу, өңдеу, консервациялау және сақтау үшін жағдай жасалған үй-жайлардағы дені сау жануарлардан алынды.
Үй қояндары – ұрық донорлары жануарлардың мынадай жұқпалы ауруларынан таза ұстау орындарынан шыққан:
үй қояндарының геморрагиялық ауруы – соңғы 12 ай ішінде, бұл серологиялық зерттеу нәтижелерімен расталады;
миксоматоз – соңғы 6 ай ішінде.

4.2. Үй қояндарына – ұрық донорларына соңғы 12 ай ішінде үй қояндарының геморрагиялық ауруына қарсы вакцина салынбады.

4.3. Үй қояндары – ұрық донорлары оларға қатысты ветеринариялық-санитариялық шектеулер белгіленбеген орындардан шығады.

4.4. Үй қояндары – ұрық донорлары ұрық алардың алдындағы 30 күннің ішінде аккредиттелген зертханада үй қояндарының геморрагиялық ауруына теріс нәтижелермен (зертхананың атауын, зерттеу күнін және әдісін көрсету) зерттелді.

4.5. Үй қояндары – ұрық донорлары ұрық алынғанға дейін кемінде 30 күн бұрын табиғи ұрықтандыру үшін пайдаланылмады және мұндай мүмкіндікті болдырмайтын жағдайларда болды.

4.6. Үй қояндары – ұрық донорлары ұрық алынғанға дейін термометриямен клиникалық тексеруден өтті.

4.7. Ұрықтың құрамында патогендік және токсикогендік микроорганизмдер жоқ.

4.8. Ұрық ХЭБ Жерүсті жануарларының денсаулығы кодексінің ұсынымдарына сәйкес алынды, сақталды және тасымалданады.

      Орны _____________________ Күні _________________ Мөр
      Мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігердің қолы ________________________
      Т.А.Ә. және лауазымы ___________________________________________________
      Ескертулер: 1. Қолы және мөр бланкінің түсінен өзгеше болуы тиіс.
      2. Ветеринариялық сертификат орыс тілінде, сондай-ақ экспорттаушы елдің
      тілінде және (немесе) ағылшын тілінде ресімделеді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады