О вопросах, связанных с реализацией Договора о пенсионном обеспечении трудящихся государств – членов Евразийского экономического союза

Распоряжение Евразийского Межправительственного Совета от 02 февраля 2018 года № 5

      1. Евразийской экономической комиссии обеспечить разработку совместно с государствами - членами Евразийского экономического союза и представление для рассмотрения Советом Евразийской экономической комиссии проекта порядка, предусмотренного статьей 10 Договора о пенсионном обеспечении трудящихся государств - членов Евразийского экономического союза, с учетом необходимости вступления в силу соответствующего акта Совета Евразийской экономической комиссии с даты вступления в силу указанного Договора.

      2. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза.


      Члены Евразийского межправительственного совета:

От Республики Армения

От Республики Беларусь

От Республики Казахстан

От Кыргызской Республики

От Российской Федерации


Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартты іске асыруға байланысты мәселелер туралы

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 5 Өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің тиісті актісінің аталған Шарт күшіне енген күннен бастап күшіне енуі қажеттігін ескере отырып, жобаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп әзірлеуді және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттың 10-бабында көзделген тәртіпте ұсынуды қамтамасыз етсін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан