О совместных прогнозах развития агропромышленного комплекса, балансах спроса и предложения государств - членов Евразийского экономического союза по сельскохозяйственной продукции, продовольствию, льноволокну, кожевенному сырью, хлопковолокну и шерсти на 2018 - 2019 годы

Распоряжение Евразийского Межправительственного Совета от 27 ноября 2018 года № 22.

      1. Евразийской экономической комиссии опубликовать на официальном сайте Евразийского экономического союза разработанные и согласованные государствами – членами Евразийского экономического союза совместные прогнозы развития агропромышленного комплекса, балансы спроса и предложения государств – членов Евразийского экономического союза по сельскохозяйственной продукции, продовольствию, льноволокну, кожевенному сырью, хлопковолокну и шерсти на 2018 – 2019 годы для их использования государствами – членами Евразийского экономического союза в целях увеличения объемов взаимной торговли.

      2. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза.


Члены Евразийского межправительственного совета:

От Республики
Армения

От Республики
Беларусь

От Республики
Казахстан

От Кыргызской
Республики

От Российской
Федерации


2018-2019 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бірлескен болжамдары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, зығыр талшықтары, былғары шикізаты, мақта талшығы және жүн бойынша сұранысы мен ұсынысының теңгерімдері туралы

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 22 Өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оларды өзара сауда көлемін ұлғайту мақсатында пайдалануы үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер әзірлеген және келіскен 2018-2019 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бірлескен болжамдарын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, зығыр талшықтары, былғары шикізаты, мақта талшығы және жүн бойынша сұранысы мен ұсынысының теңгерімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияласын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз Республикасынан
 

Ресей Федерациясынан