О внесении изменений в перечень общих процессов в рамках Евразийского экономического союза

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 10 сентября 2019 года № 151

      В соответствии с пунктом 9 Протокола об информационно-коммуникационных технологиях и информационном взаимодействии в рамках Евразийского экономического союза (приложение № 3 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и в целях реализации положений Соглашения о маркировке товаров средствами идентификации в Евразийском экономическом союзе от 2 февраля 2018 года Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Внести в перечень общих процессов в рамках Евразийского экономического союза, утвержденный Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 14 апреля 2015 г. № 29, изменения согласно приложению.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Т. Саркисян

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Коллегии
Евразийской экономической
комиссии
от 10 сентября 2019 г. № 151

ИЗМЕНЕНИЯ,
вносимые в перечень общих процессов в рамках Евразийского экономического союза

      В разделе XVII:

      а) наименование изложить в следующей редакции:

      "XVII. Информационное обеспечение системы маркировки товаров средствами идентификации";

      б) позицию 73 изложить в следующей редакции:

"73. Обеспечение обмена сведениями о товарах, подлежащих маркировке средствами идентификации, произведенных или ввезенных на таможенную территорию Евразийского экономического союза, в том числе при трансграничном обороте таких товаров на таможенной территории Евразийского экономического союза

III квартал 2019 г. ";

      в) дополнить позицией 741 следующего содержания:

"741. Формирование, ведение и использование единого реестра средств идентификации, используемых для маркировки товаров в Евразийском экономическом союзе

IV квартал 2019 г. ".

     

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес және 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 151 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      XVII бөлімде:

      а) атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "XVII. Тауарларды таңбалау жүйесін сәйкестендіру құралдарымен ақпараттық қамтамасыз ету";

      б) 73-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"73. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндірілген немесе оған әкелінген, соның ішінде мұндай тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы трансшекаралық айналымы кезінде сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарлар туралы мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету

2019 жылғы ІІІ тоқсан";

      в) мынадай мазмұндағы 741-позициямен толықтырылсын:

"741. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды таңбалау үшін пайдаланылатын сәйкестендіру құралдарын қалыптастыру, жүргізу және бірыңғай тізілімін пайдалану

2019 жылғы IV тоқсан".