О классификации сенсибилизированных печатных пластин в соответствии с единой Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 26 февраля 2020 года № 29

      В соответствии с абзацем вторым пункта 1 статьи 22 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Сенсибилизированные печатные пластины, неэкспонированные, плоские (не в рулонах), состоящие из электрохимически зерненого алюминия, покрытого светочувствительными фотополимерными химическими веществами, в соответствии с Основным правилом интерпретации Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности 1 классифицируются в товарной позиции 3701 единой Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сезгіштігі арттырылған баспа пластиналарын сыныптау туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 26 ақпандағы № 29 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Жарық сезгіш фотополимерлік химиялық заттармен жабылған электр-химиялық түйіршік алюминийден тұратын, экспонирленбеген, жайпақ (рулондардағы емес) сезгіштігі арттырылған баспа пластиналар сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі Бірыңғай тауар номенклатурасының 3701 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович