О классификации воздушного охладителя жидкости (драйкулера) в соответствии с единой Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 11 июля 2023 года № 93.

      В соответствии с абзацем первым пункта 1 статьи 22 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Воздушный охладитель жидкости (драйкулер), состоящий из корпуса, в котором размещены трубчатый теплообменник и вентилятор, предназначенный для охлаждения жидкости в теплообменнике путем прохождения воздуха окружающей среды, нагнетаемого вентилятором (вентиляторами), через теплообменник и применяемый в промышленности для охлаждения технологического оборудования, а также в системах вентиляции и кондиционирования воздуха, в соответствии с Основными правилами интерпретации Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности 1 и 6 классифицируется в субпозиции 8419 89 единой Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
      Евразийской экономической комиссии М. Мясникович

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сұйықтықты ауамен салқындатқышты (драйкулерді) сыныптау туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 93 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Құбырлы жылу алмастырғыш пен желдеткіш орналасқан корпустан тұратын, желдеткіш (желдеткіштер) айдайтын қоршаған орта ауасының жылу алмастырғыш арқылы өтуімен жылу алмастырғышта сұйықтықты салқындатуға арналған және өнеркәсіпте технологиялық жабдықты салқындату үшін, сондай-ақ ауаны желдету және баптау жүйелерінде қолданылатын сұйықтықты ауамен салқындатқыш (драйкулер) сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының 1 және 6 Негізгі түсіндіру қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8419 89 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович