О продлении действия антидемпинговой меры в отношении металлопроката с полимерным покрытием, происходящего из Китайской Народной Республики и ввозимого на таможенную территорию Евразийского экономического союза, и признании утратившим силу Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 29 ноября 2022 г. № 186

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 18 июля 2023 года № 106.

      В соответствии с пунктом 109 Протокола о применении специальных защитных, антидемпинговых и компенсационных мер по отношению к третьим странам (приложение № 8 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и на основании доклада Департамента защиты внутреннего рынка Евразийской экономической комиссии, подготовленного по результатам повторного расследования, проведенного в связи с истечением срока действия антидемпинговой меры, установленной Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 24 мая 2012 г. № 49, Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Продлить по 17 июля 2028 г. включительно действие антидемпинговой меры, установленной Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 24 мая 2012 г. № 49, в отношении ввозимого на таможенную территорию Евразийского экономического союза металлопроката с полимерным покрытием, происходящего из Китайской Народной Республики.

      2. Государственным органам государств – членов Евразийского экономического союза, уполномоченным в сфере таможенного дела:

      обеспечить взимание антидемпинговой пошлины в размере, предусмотренном Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 24 мая 2012 г. № 49;

      обеспечить осуществление зачета сумм антидемпинговой пошлины, уплаченной (взысканной) в соответствии с Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 29 ноября 2022 г. № 186 в порядке, установленном для взимания предварительных антидемпинговых пошлин, в антидемпинговую пошлину и зачисление на единый счет уполномоченного органа того государства – члена Евразийского экономического союза, в котором она была уплачена (взыскана).

      3. Признать утратившим силу Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 29 ноября 2022 г. № 186 "О продлении действия антидемпинговой меры в отношении металлопроката с полимерным покрытием, происходящего из Китайской Народной Республики и ввозимого на таможенную территорию Евразийского экономического союза".

      4. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович

Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін полимер жабыны бар металл прокатына қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданылуын ұзарту және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 186 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 106 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 49 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шаралардың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 49 шешімімен белгіленген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін Қытай Халық Республикасында шығарылатын полимер жабыны бар металл прокатына қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданылуы қоса алғанда 2023 жылғы 22 қаңтарға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары:

      демпингке қарсы баждарды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 49 шешімінде көзделген мөлшерде өндіріп алуды қамтамасыз етсін;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 186 шешіміне сәйкес алдын ала демпингке қарсы баждарды өндіріп алу үшін белгіленген тәртіпте төленген (өндіріп алған) демпингке қарсы баждардың сомасын демпингке қарсы бажға есепке алуды және ол төленген (өндіріп алған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есептеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін полимер жабыны бар металл прокатына қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданылуын ұзарту туралы" 2022 жылғы 29 қарашадағы № 186 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович