Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттарына арналған тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларының № 1 қосымшасының I бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
"8602 Теміржол локомотивтері және локомотив тендерлері" деген позицияның алдында мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"7302 900 00 0
Серпімді клеммалары бар рельсті бекіткіштер
|
заңды тұлғада – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық резидентінде (бұдан әрі – мүше мемлекет) тиісті өнімді өндіру, жаңғырту және дамыту үшін конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) және технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің (ТҚБЖ) талаптарына сәйкес әзірленген техникалық құжаттамаға кемінде 5 жыл < 1> мерзімге құқықтың болуы;
мүше мемлекеттің аумағында мынадай операцияларды жүзеге асыру:
кіріс шикізатын (материалдарды немесе компоненттерді) бақылау;
серпімді клемма өндірісі;
бұрышты бағыттаушы плиталарды өндіру (қысыммен құю);
жол бұрандаларын өндіру;
пластикалық дюбельдер өндірісі (қысыммен құю);
рельсті бекіту төсемдерін өндіру (қысыммен құю);
дайын өнімнің шығуын бақылау";
|
"8602 Темір жол локомотивтері және локомотивтердің тендерлері" деген позицияның екінші бағандағы бірінші абзацта "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекет)" деген сөздер "мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан
|
Беларусь Республикасынан
|
Қазақстан Республикасынан
|
Қырғыз Республикасынан
|
Ресей Федерациясынан
|
М. Григорян
|
И. Петришенко
|
С.Жұманғарин
|
А. Касымалиев
|
А. Оверчук
|