Республикаға өсiмдiк қорғау құралдарының 1994 жылы және одан
кейiнгi жылдары орталықтандырылған импорттық берiлуiн тұрақты түрде
қамтамасыз ету және олар үшiн шет ел фирмаларымен астықты экспорттау
есебiнен есеп айырысу мақсатында қаулы етемiн:
1. "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының астықты
кейiннен сатудан алынатын түсiм есебiнен консигнациялық негiзде төлем
жасай отырып Қазақстанға өсiмдiк қорғау құралдарын беру жөнiнде шет
ел фирмаларымен жасасқан уағдаластықтары мақұлдансын.
2. "Астық" және "Құнарлық" мемлекеттiк акционерлiк компаниялары
өсiмдiк қорғау құралдарын сатып алу жөнiндегi консигнация шарттарын
орындау тәртiбiмен совхоздар, колхоздар, басқа шаруашылықтар мен
астық қабылдау кәсiпорындарының арасында аталған өсiмдiк қорғау
құралдарына шаруашылықтар өтiнiм берген құнға тең көлемде экспорттық
шепке жеткiзiлген астық сатуға шарттар жасауды ұйымдастырсын.
3. Тұтынушылардың алынатын өсiмдiк қорғау құралдарын әлемдiк
бағамен сатып алатынын ескере отырып және олардың құнының, осы
мақсаттар үшiн сатылатын астықтың балансының өзгеруiне жол бермеу
мақсатында, ерекше жағдай ретiнде, "Қазақэспортастық" мемлекеттiк-
акционерлiк қоғамы осындай астықты сатудан алынған валюталық түсiмдi
мiндеттi түрде 50 процентке сатудан, сондай-ақ оған экспорттық
кедендiк салық төлеуден босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Алматы. 1994 ж. 25 сәуiр
N 1681