Президент Республики Казахстан
Постановление Президента Республики Казахстан от 8 августа 1995 г. N 2400. Утратило силу - Указом Президента РК от 9 января 2006 года N 1696 (U061696) (вводится в действие со дня подписания)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 ж. 8 тамыз N 2400. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371
U952371_
Жарлығының редакциясындағы "1995 жылғы арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120
U952120_
Жарлығының 20-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ақшалай үлес төлеудi реттеу мен олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2202
K952202_
қаулысымен бекiтiлген әскери қызметшiлердiң (шақыру бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерден басқаларының) және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының лауазымдық жалақылары мен әскери атақтары және арнаулы әскери атақтары бойынша жалақыларына 1,12 түзетiлген есептеу коэффициентi қолданылсын.
2. Қызметте тұрған әскери қызметшiлердiң iшкi iстер органдардың қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының осы қаулыға сәйкес өсiрiлген лауазымдық жалақылары мен әскери атақтары бойынша және арнаулы әскери атақтары бойынша жалақылары, бұрын тағайындалған зейнетақылары 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап қайта есептелсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi