О внесении изменений в распоряжение Президента Республики Казахстан от 8 ноября 1999 года № 90

Распоряжение Президента Республики Казахстан от 8 сентября 2010 года № 436

      Внести в распоряжение Президента Республики Казахстан от 8 ноября 1999 года № 90 "Об утверждении Инструкции о порядке представления к награждению государственными наградами Республики Казахстан и их вручения, Образцов документов к государственным наградам Республики Казахстан и Описания знаков государственных наград Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 53, ст. 521; 2006 г., № 11, ст. 101; 2007 г., № 9, ст. 99; 2008 г., № 47, ст. 525) следующие изменения:
      в приложении 3 к указанному распоряжению:
      описание ордена "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему распоряжению;
      в предложении третьем части третьей:
      в описании подвески "Күміс алқа" слова "латуни с серебрением" заменить словом "мельхиора".

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев

ПРИЛОЖЕНИЕ         
к распоряжению Президента 
Республики Казахстан   
от 8 сентября 2010 года № 436

Орден "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев"

      Орден "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" состоит из звезды и знака ордена на плечевой ленте.
      Звезда ордена представляет собой орнаментальную шестнадцатиконечную звезду, поверхность которой выполнена в виде ступенчато расходящихся лучей, описанным диаметром 75 мм.
      В центральном круге на фоне ювелирной эмали синего цвета расположен рельефный профиль Первого Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А.
      Профиль обрамлен накладным кольцом с надписью по окружности "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" на фоне ювелирной эмали белого цвета. По окружности кольцо украшено лентой, между складками которой закреплены 8 натуральных рубинов.
      На оборотной стороне расположена булавка с визорным замком для крепления звезды к одежде.
      Знак ордена "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" представляет собой орнаментальную восьмиконечную звезду, основа которой выполнена в виде расходящихся от центра лучей, описанным диаметром 65 мм.
      В центральном круге на фоне ювелирной эмали синего цвета расположена монограмма Первого Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А.
      Монограмма обрамлена рельефным венком с изображением лавровых листьев и накладным кольцом с надписью по окружности "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" на фоне ювелирной эмали белого цвета. По окружности кольцо украшено лентой, между складками которой закреплены 8 натуральных рубинов. Кольцо с надписью, лента с рубинами и восемь удлиненных, расходящихся к концам лучей образуют накладку "Звезда". По серединам лучей, образующих восьмиконечную звезду, расположены бриллианты по 3 штуки в каждом луче. Лучи накладки "Звезда" покрыты ювелирной эмалью белого цвета.
      С оборотной стороны ордена закреплена накладная крышка, на которой гравируется порядковый номер ордена.
      Орден при помощи кольца с карабином соединен с плечевой лентой. Плечевая лента изготовлена из муаровой ткани синего цвета шириной 100 мм.
      Звезда и знак ордена выполнены из золота 750 пробы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 8 қыркүйектегі № 436 Өкімі

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудын тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат; 2006 ж., № 11, 101-құжат; 2007 ж., № 9, 99-құжат; 2008 ж., № 47, 525-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкімге 3-қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" орденінің сипаттамасы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      үшінші бөлімнің үшінші сөйлемінде:
      "Күміс алқа" алқасының сипаттамасында "латуньнан жасалып, күміспен күптелген" деген сөздер "мельхиордан жасалады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2010 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 436 өкіміне     
ҚОСЫМША        

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" ордені

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" ордені жұлдыздан және иыққа асылатын лентадағы орден белгісінен тұрады.
      Орден жұлдызы оюланған он алты ұшты жұлдызды болып келеді, оның беті сипатталған диаметрі 75 мм. сатылы таралған сәулелер түрінде орындалған.
      Ортаңғы шеңберде көк түсті зергерлік эмаль аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бедерлі қырынан қараған кескіні орналасқан.
      Кескін ақ түсті зергерлік эмаль аясында, айналдыра "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" жазуы жазылған қондырмалы сақинамен көмкерілген. Сақина айналдыра бүктемелерінің арасына 8 табиғи лағыл бекітілген лентамен сәнделген.
      Сырт жағында жұлдызды киімге бекіту үшін визорлы бекітпелі түйреуіш орналасқан.
      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденінің белгісі оюланған сегіз ұшты жұлдызды болып келеді, оның негізі сипатталған диаметрі 65 мм. ортадан таралған сәулелер түрінде орындалған.
      Ортаңғы шеңберде ақ түсті зергерлік эмаль аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың монограммасы орналасқан.
      Монограмма лавр жапырақтары бейнеленген бедерлі гүлтәжбен және ақ түсті зергерлік эмаль аясында, айналдыра "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" жазуы жазылған жапсырмалы сақинамен көмкерілген. Сақина айналдыра бүктемелерінің арасына 8 табиғи лағыл бекітілген лентамен сәнделген. Жазулы сақина, лағылды лента және ұштарына қарай ұзартыла таралған сегіз сәуле "Жұлдыз" қондырмасын қалыптайды. Сегіз ұшты жұлдызды жасайтын сәулелердің ортасында, әр сәуледе 3 данадан гауһар орналасқан. "Жұлдыз" қондырмасының сәулелеріне ақ түсті зергерлік эмаль жалатылған.
      Орденнің сырт жағында жапсырмалы қақпақ бекітілген, онда орденнің рет нөмірі нақышталған.
      Орден карабинді сақина арқылы иық лентасына жалғасқан. Иық лентасы ені 100 мм көк түсті муарлы матадан жасалған.
      Жұлдыз және орден белгісі 750 сынамалы алтыннан жасалған.