Об образовании Центра анализа мониторинга социально-экономических реформ

Распоряжение Президента Республики Казахстан от 4 февраля 2020 года № 89. Утратило силу Указом Президента Республики Казахстан от 3 января 2024 года № 429.

      Сноска. Утратило силу Указом Президента РК от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В целях усиления механизма контроля за ходом реализации реформ, стратегических и программных документов:

      1. Образовать Центр анализа и мониторинга социально-экономических реформ при Президенте Республики Казахстан (далее - Центр).

      2. Утвердить:

      1) состав Центра согласно приложению 1 к настоящему распоряжению;

      2) Положение о Центре согласно приложению 2 к настоящему распоряжению.

      3. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ

  ПРИЛОЖЕНИЕ 1
к распоряжению Президента
Республики Казахстан
от 4 февраля 2020 года № 89

СОСТАВ
Центра анализа и мониторинга социально-экономических реформ

      Сноска. Состав с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 17.11.2020 № 450.

Сулейменов Тимур Муратович

-

заместитель Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан, председатель

Кульсеитов Айдын Женисович

-

заведующий Отделом стратегического планирования Администрации Президента Республики Казахстан, секретарь

Акишев Данияр Талгатович

-

помощник Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы

Бахмутова Елена Леонидовна

-

председатель Совета Ассоциации финансистов Казахстана (по согласованию)

Буранбаев Ануар Булатович

-

руководитель Центра конкурентоспособности Международного научного комплекса "Астана" (по согласованию)

Жамишев Болат Бидахметович

-

член совета директоров АО "First Heartland Jysan Bank" (no согласованию)

Жандосов Ораз Алиевич

-

директор Центра экономического анализа "РАКУРС" (по согласованию)

Кулекеев Жаксыбек Абдрахметович

-

советник генерального директора Казахского института нефти и газа (по согласованию)

Кусайнов Айдархан Маратович

-

член Российской и Казахстанской ассоциаций независимых директоров (по согласованию)

Мырзахметов Аблай Исабекович

-

председатель правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию)

Ошакбаев Рахим Сакенович

-

директор Центра прикладных исследований "Талап" (по согласованию)

Рахимбеков Толеутай Сатаевич

-

председатель правления НАО "Национальный аграрный научно-образовательный центр" (по согласованию)

Садвакасов Дармен Канатович

-

управляющий партнер Dasco Consulting Group (no согласованию)

Тулеуов Олжас Аязбиевич

-

советник Председателя Национального Банка Республики Казахстан (по согласованию)

Ушбаев Ануар Даниярович

-

председатель правления АО "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" (по согласованию)

Худайбергенов Олжас Абдумаликович

-

старший партнер консалтинговой компании "Center for strategic initiatives" (Центр стратегических инициатив) (по согласованию)

      В состав Центра входит по должности руководитель экспертно-аналитической группы.

 
  ПРИЛОЖЕНИЕ 2
к распоряжению Президента
Республики Казахстан
от 4 февраля 2020 года № 89

ПОЛОЖЕНИЕ
о Центре анализа и мониторинга социально-экономических реформ

1. Общие положения

      1. Центр анализа и мониторинга социально-экономических реформ (далее - Центр) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан, созданным для мониторинга процессов развития социально-экономической сферы, проведения институциональных реформ, а также выработки конкретных рекомендаций по их эффективной реализации.

      2. Центр осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами и поручениями Президента Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

2. Организация деятельности Центра

      3. Центр:

      1) обеспечивает мониторинг и оценку хода отраслевых и институциональных реформ в рамках стратегических документов и отдельных поручений Президента Республики Казахстан;

      2) выявляет системные проблемы и риски в социально-экономической сфере, региональной политике, а также по иным важным направлениям развития страны;

      3) вырабатывает рекомендации, направленные на повышение эффективности реализации реформ, отраслевой и региональной государственной политики, качества работы государственных органов и квазигосударственного сектора.

      4. Председатель Центра:

      1) осуществляет руководство деятельностью Центра;

      2) докладывает Президенту Республики Казахстан о результатах работы Центра;

      3) определяет место и время проведения, а также повестку заседаний Центра.

      5. Работа Центра осуществляется путем проведения заседаний, которые проводятся по мере необходимости.

      6. Заседание Центра является правомочным, если на нем присутствует более половины от общего числа его членов.

      Члены Центра участвуют в его работе без права замены.

      7. Решения Центра принимаются на заседании Центра простым большинством от общего числа членов Центра, присутствующих на данном заседании. В случае равенства голосов по обсуждаемому вопросу голос председательствующего является решающим.

      Решения Центра оформляются протоколом, подписываемым председателем и секретарем Центра.

      8. Центр имеет право:

      1) заслушивать информацию руководителей государственных органов о ходе реализации институциональных и отраслевых реформ, исполнении стратегических документов;

      2) вносить на рассмотрение Президенту Республики Казахстан предложения и рекомендации, направленные на повышение эффективности реформ, а также по мерам, необходимым для поступательного развития страны;

      3) осуществлять координацию деятельности и контроль за ходом выполнения принятых Центром решений.

      9. Члены Центра вправе:

      1) вносить предложения по повестке дня заседаний Центра и порядку обсуждения вопросов;

      2) участвовать в подготовке материалов к заседаниям Центра и проектов его решений;

      3) принимать участие в обсуждении вопросов, рассматриваемых Центром;

      4) осуществлять иные права, предусмотренные настоящим Положением.

3. Обеспечение деятельности Центра

      10. Обеспечение деятельности Центра осуществляет экспертно-аналитическая группа Центра.

      11. Экспертно-аналитическая группа создается при Центре и осуществляет свою деятельность на базе подведомственной организации Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      12. Руководитель экспертно-аналитической группы является членом Центра по должности.

      13. Экспертно-аналитическая группа:

      1) организовывает мониторинг процессов развития социально-экономической сферы, проведения институциональных реформ, а также вырабатывает рекомендации по повышению эффективности их реализации;

      2) изучает международный опыт, анализирует национальные и зарубежные статистические данные, проводит анализ и обобщение поступивших от государственных органов и иных организаций материалов для последующего внесения на рассмотрение членов Центра;

      3) обеспечивает организацию и проведение заседаний Центра;

      4) проводит по мере необходимости разъяснительную работу по вырабатываемым Центром рекомендациям.

      14. Экспертно-аналитическая группа имеет право:

      1) проводить в установленном порядке консультации с государственными органами и организациями;

      2) по решению Центра создавать экспертные группы по отдельным направлениям деятельности с привлечением общественных и экспертных организаций, отдельных экспертов и консультантов;

      3) привлекать в установленном порядке для осуществления отдельных видов работ специалистов, ученых, независимых экспертов и представителей общественности.

      15. Секретарь Центра:

      1) в соответствии с поручениями председателя формирует проект повестки дня заседаний Центра и координирует деятельность экспертно-аналитической группы по подготовке заседаний Центра;

      2) оповещает членов Центра о месте, времени проведения и повестке дня очередного заседания.

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 89 өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 429 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Реформалардың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысын бақылау тетігін күшейту мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы (бұдан әрі - Орталық) құрылсын.

      2. Мыналар:

      1) Орталық құрамы осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Орталық туралы ереже осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 4 ақпандағы
№ 89 өкіміне
1-ҚОСЫМША

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығының
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 17.11.2020 № 450 Жарлығымен.

Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағасы

Құлсейітов
Айдын Жеңісұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, хатшы

Ақышев
Данияр Талғатұлы

-

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі

Бахмутова
Елена Леонидовна

-

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Боранбаев
Әнуар Болатұлы

-

“Астана” халықаралық ғылыми кешені Бәсекеге қабілеттілік орталығының басшысы (келісім бойынша)

Жәмішев
Болат Бидахметұлы

-

“First Heartland Jysan Bank” АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

Жандосов
Ораз Әлиұлы

-

“РАКУРС” экономикалық талдау орталығының директоры (келісім бойынша)

Құлекеев
Жақсыбек Әбдірахметұлы

-

Қазақ мұнай-газ институтының бас директорының кеңесшісі (келісім бойынша)

Құсайынов
Айдархан Маратұлы

-

Ресей және Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі (келісім бойынша)

Мырзахметов
Абылай Исабекұлы

-

“Атамекен” Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Ошақбаев
Рахым Сәкенұлы

-

“Талап” қолданбалы зерттеулер орталығының директоры (келісім бойынша)

Рахымбеков
Төлеутай Сатайұлы

-

“Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы” КеАҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Сәдуақасов
Дәрмен Қанатұлы

-

Dasco Consulting Group басқарушы серіктесі (келісім бойынша)

Төлеуов Олжас Аязбиұлы

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша)

Үшбаев
Әнуар Даниярұлы

-

“Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)” АҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Кұдайбергенов Олжас Әбдумәлікұлы

"Center for strategic initiatives" (Стратегиялық бастамалар орталығы) консалтингтік компаниясының аға серіктесі (келісім бойынша)

      Орталық құрамына лауазымы бойынша сарапшылық-талдау тобының жетекшісі кіреді.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 4 ақпандағы
№ 89 өкіміне
2-ҚОСЫМША

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы (бұдан әрі - Орталық) әлеуметтік-экономикалық саланың даму процестерін мониторингтеу, институционалдық реформаларды жүргізу, сондай-ақ оларды тиімді іске асыру бойынша нақты ұсынымдар тұжырымдау үшін құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Орталықтың қызметін ұйымдастыру

      3. Орталық:

      1) стратегиялық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің жекелеген тапсырмалары шеңберінде салалық және институционалдық реформалар барысын бағалау мен мониторингтеуді қамтамасыз етеді;

      2) әлеуметтік-экономикалық салада, өңірлік саясатта, сондай-ақ ел дамуындағы өзге де маңызды бағыттары бойынша жүйелі проблемалар мен тәуекелдерді анықтайды;

      3) реформаларды, салалық және өңірлік мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігін, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жұмысының сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдарды тұжырымдайды.

      4. Орталық төрағасы:

      1) Орталықтың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының Президентіне Орталық жұмысының нәтижелері туралы баяндайды;

      3) Орталық отырыстарының өткізілетін орны мен уақытын, сондай-ақ күн тәртібін айқындайды.

      5. Орталықтың жұмысы қажеттілігіне қарай отырыстарды өткізу жолымен жүзеге асырылады.

      6. Орталықтың отырысына, оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан көп қатысса, отырыстың құқықтық күші болады.

      Орталық мүшелері оның жұмысына алмастыру құқығынсыз қатысады.

      7. Орталықтың шешімдері сол отырысқа қатысушы Орталық мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен отырыста қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Орталықтың шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған Орталықтың төрағасы мен хатшысы қол қояды.

      8. Орталықтың:

      1) институционалдық және салалық реформаларды іске асыру барысы, стратегиялық құжаттарды орындау туралы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларын тыңдауға;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына реформалардың тиімділігін арттыруға бағытталған, сондай-ақ елдің қарқынды дамуы үшін қажетті шаралар бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;

      3) Орталық қабылдаған шешімдердің орындалу барысына бақылауды және қызметті үйлестіруді жүзеге асыруға құқылы.

      9. Орталық мүшелері:

      1) Орталық отырыстарының күн тәртібі мен талқыланатын мәселелер тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;

      2) Орталық отырыстарына материалдар және оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға;

      3) Орталық қарайтын мәселелерді талқылауға қатысуға;

      4) осы Ережеде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. Орталықтың қызметін қамтамасыз ету

      10. Орталықтың қызметін қамтамасыз етуді Орталықтың сарапшылық-талдау тобы жүзеге асырады.

      11. Сарапшылық-талдау тобы Орталықтың жанынан құрылады және өз қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы базасында жүзеге асырады.

      12. Сарапшылық-талдау тобының жетекшісі лауазымы бойынша Орталықтың мүшесі болып табылады.

      13. Сарапшылық-талдау тобы:

      1) әлеуметтік-экономикалық саланың даму процестеріне, институционалдық реформаларды жүргізуге мониторингті ұйымдастырады, сондай-ақ оларды тиімді іске асыру бойынша нақты ұсынымдарды тұжырымдайды;

      2) халықаралық тәжірибені зерделейді, ұлттық және шетелдік статистикалық деректерді талдайды, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түсетін материалдарды кейіннен Орталық мүшелерінің қарауына енгізу үшін жинақтап-қорытады;

      3) Орталық отырыстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

      4) Орталық тұжырымдайтын ұсынымдар бойынша қажеттілігіне қарай түсіндіру жұмысын ұйымдастырады.

      14. Сарапшылық-талдау тобы:

      1) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен белгіленген тәртіпте консультациялар жүргізуге;

      2) Орталықтың шешімі бойынша қоғамдық және сарапшылық ұйымдарды, жекелеген сарапшылар мен консультанттарды тарта отырып, қызметтің жекелеген бағыттары бойынша сарапшылық топтарды құруға;

      3) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен мамандарды, ғалымдарды, тәуелсіз сарапшылар мен қоғамдастық өкілдерін тартуға құруға құқылы.

      15. Орталық хатшысы:

      1) төрағаның тапсырмаларына сәйкес Орталық отырыстарының күн тәртібінің жобасын қалыптастырады және Орталық отырыстарын дайындау бойынша сарапшылық-талдау тобының қызметін үйлестіреді;

      2) Орталық мүшелеріне кезекті отырыстың өткізілетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды.