О внесении изменений и дополнения в распоряжение Президента Республики Казахстан от 8 ноября 1999 года № 90 "Об утверждении Инструкции о порядке представления к награждению государственными наградами Республики Казахстан и их вручения, Образцов документов к государственным наградам Республики Казахстан и Описания знаков государственных наград Республики Казахстан"

Распоряжение Президента Республики Казахстан от 12 августа 2023 года № 51

      Внести в распоряжение Президента Республики Казахстан от 8 ноября 1999 года № 90 "Об утверждении Инструкции о порядке представления к награждению государственными наградами Республики Казахстан и их вручения, Образцов документов к государственным наградам Республики Казахстан и Описания знаков государственных наград Республики Казахстан" следующие изменения и дополнение:

      1) в Инструкции о порядке представления к награждению государственными наградами Республики Казахстан и их вручения, утвержденной вышеуказанным распоряжением:

      абзац третий пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "на председателей ревизионных комиссий областей, городов республиканского значения и столицы - Председателем Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан;";

      абзац четвертый пункта 12 изложить в следующей редакции:

      " - Государственный советник Республики Казахстан;";

      2) приложение 3 к вышеуказанному распоряжению после описания ордена "Достық" (Дружба) дополнить описанием ордена "Ел бірлігі" (Единство народа) согласно приложению к настоящему распоряжению.

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к распоряжению Президента
Республики Казахстан от 12
августа 2023 года № 51

Орден "Ел бірлігі" (Единство народа)

      Орден "Ел бірлігі" имеет форму двухслойной восьмиконечной звезды диаметром 50 мм.

      На лицевой стороне ордена в центре расположено изображение шанырака (верхняя сводчатая часть юрты), фон которого залит эмалью голубого цвета.

      По кругу от шанырака в виде солнечных лучей расходятся уыки.

      Вокруг шанырака на фоне голубого цвета располагаются узоры "қошқар мүйіз".

      Под шаныраком на ленте, фон которой залит ювелирной эмалью синего цвета, полукругом нанесена надпись "ЕЛ БІРЛІГІ".

      Фон аверса блестящий, рельеф выступающий блестящий.

      Орден изготавливается из металла белого цвета (сплава серебра с золочением).

      Оборотная сторона ордена матовая и имеет надпись полукругом "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ".

      В нижней части оборотной стороны ордена находится блестящая выступающая площадка, на которую наносится порядковый номер.

      Накладка:

      металл белого цвета (сплав серебра 999, золочение).

      Вставка:

      фианиты - 8 штук диаметром 2,5 мм.

      Орден с помощью ушка и кольца присоединен к шестиугольной планке из металла желтого цвета (латунь), обтянутой шелковой муаровой лентой шириной 34 мм голубого цвета с полоской синего и двумя полосками оранжевого цвета.

      Орден крепится к одежде при помощи булавки с визорным замком.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 12 тамыздағы № 51 өкімі.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) жоғарыда көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:

      6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағаларына - Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы;";

      12-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі;";

      2) жоғарыда көрсетілген өкімге 3-қосымша "Достық" (Дружба) орденінің сипаттамасынан кейін осы өкімге қосымшаға сәйкес "Ел бірлігі" (Единство народа) орденінің сипаттамасымен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 12 тамыздағы
№ 51 өкіміне
ҚОСЫМША

"Ел бірлігі" (Единство народа) ордені

      "Ел бірлігі" ордені диаметрі 50 мм қос қабатты сегіз бұрышты жұлдыз пішінінде болады.

      Орденнің беткі жағының ортасында аясына көгілдір түсті эмаль құйылған шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбезді бөлігі) бейнесі орналасқан.

      Шаңырақты айнала күн сәулесі түрінде уықтар тараған.

      Шаңырақты айнала көгілдір түстің аясында "қошқар мүйіз" оюы орналасқан.

      Шаңырақтың астында аясына көк түсті зергерлік эмаль құйылған лентада жарты шеңбер бойымен "ЕЛ БІРЛІГІ" деген жазу жазылған.

      Аверстің аясы жылтыр, бедері шығыңқы жылтыр.

      Орден ақ түсті металдан (алтын жалатылған күміс қорытпасы) жасалған.

      Орденнің сыртқы жағы күңгірт және жарты шеңбер бойымен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу бар.

      Орденнің сыртқы жағының төменгі бөлігінде жылтыр, шығыңқы алаңша бар, оған реттік нөмір жазылған.

      Қондырма:

      ақ түсті металл (алтын жалатылған 999 сынамалы күміс қорытпасы).

      Ендірме:

      диаметрі 2,5 мм фианит - 8 дана.

      Орден бір көк жолағы және екі қызғылт сары жолағы бар, ені 34 мм көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен қапталған алтыбұрышты сары түсті металл (жез) тағанға құлақша мен шығыршық арқылы бекітілген.

      Орден киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.