Меморандум между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о развитии сотрудничества в гуманитарной сфере

Меморандум г. Астана 9 октября 2000 года

      Президент Республики Казахстан и Президент Российской Федерации,
      оценивая как полезный состоявшийся обмен мнениями по широкому кругу вопросов двустороннего гуманитарного сотрудничества,
      подтверждая приверженность ценностям свободы, демократии, верховенства закона, уважения прав человека, свободы совести и вероисповедания, свободы самовыражения,
      руководствуясь общепризнанными нормами международного права, принципами, изложенными в основополагающих документах Организации Объединенных Наций и Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе,
      признавая важность сохранения духовной и культурной близости народов двух стран,
      основываясь на B925500_ Договоре о дружбе, сотрудничестве и взаимной помощи между Республикой Казахстан и Российской Федерацией от 25 мая 1992 года, Декларации между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о вечной дружбе и союзничестве, ориентированном в XXI столетие, от 6 июля 1998 года, Совместном заявлении Президентов Республики Казахстан и Российской Федерации от 19 июня 2000 года, а также других двусторонних документах,
      принимая на себя обязательство и в дальнейшем укреплять взаимопонимание и дружбу между народами Республики Казахстан и Российской Федерации, базирующиеся на их взаимном стремлении к сближению и сотрудничеству,
      заявляют:
      - Республика Казахстан и Российская Федерация и впредь будут строить свои отношения на фундаменте взаимного доверия, уважения независимости, открытости, суверенитета, территориальной целостности, принципов невмешательства во внутренние дела друг друга.
      - Полностью оправдал себя взятый Казахстаном и Россией курс на углубление всесторонней интеграции и стратегического партнерства. Сложившиеся между двумя государствами отношения дружбы и союзничества являются важным фактором международного мира, безопасности и стабильности на евразийском пространстве.
      - Задачей первостепенной важности является бережное сохранение накопленных веками дружественных, добрососедских связей между многонациональными народами Казахстана и России. Их упрочение и дальнейшее интенсивное развитие отвечают коренным интересам обеих стран, способствуют укреплению мира, региональной безопасности и стабильности.
      - Стороны будут способствовать сохранению общего культурного наследия народов Казахстана и России, а также самобытности их национальных культур.
      - Всесторонняя поддержка будет оказываться развитию сотрудничества в гуманитарной сфере, в том числе поощрению контактов между гражданами двух государств, взаимодействию общественных организаций, расширению общего культурного, образовательного и информационного пространства. Культура, образование, здравоохранение, совместные научные исследования с использованием русского языка как языка межнационального общения призваны играть основополагающую роль в гуманитарной сфере. Стороны будут всемерно способствовать созданию в рамках Содружества Независимых Государств Фонда развития русского языка.
      - Укреплению доверия и взаимопонимания, расширению возможностей по оказанию необходимой помощи гражданам обеих стран, проживающим на территории Казахстана и России, будут способствовать увеличение на основе взаимности числа консульских учреждений, создание казахстанско-российской двусторонней комиссии по правам человека как естественного продолжения регулярной совместной работы комиссий по правам человека при Президентах Республики Казахстан и Российской Федерации. Приоритетное внимание при этом, как и прежде, будет уделяться обеспечению гражданам Казахстана и России, независимо от их этнической принадлежности, равных прав и свобод без какой-либо дискриминации и ограничений.
      - Президенты Республики Казахстан и Российской Федерации рассмотрели подготовленную в рамках Межправительственной комиссии по сотрудничеству между Республикой Казахстан и Российской Федерацией Программу сотрудничества Республики Казахстан и Российской Федерации в гуманитарной сфере на 2000-2002 годы и поручили Комиссии утвердить ее на очередном заседании, а соответствующим министерствам и ведомствам обеих стран принять меры по неуклонному выполнению Программы. Осуществление содержащихся в Программе конкретных мероприятий в областях культуры, информации, образования, гуманитарных наук, молодежной политики, спорта и туризма, здравоохранения, защиты прав и основных свобод человека, а также в сфере социальной защиты и занятости призвано дать новый импульс активизации взаимодействия Казахстана и России, сближению их многонациональных народов.  

(Специалисты: Умбетова А.М.,  Склярова И.В.)     



Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандум

Меморандум 2000 жылғы 9 қазан Астана қаласы

      Қазақстан Республикасының Президентi және Ресей Федерациясының Президентi,
      екi жақты гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерi бойынша болған пайдалы пiкiр алмасулар деп бағалай отырып,
      бостандық, демократия, заңның үстемдiгi, адам құқығын құрмет тұту, ар-ұждан және дiни сенiм еркiндiгi, ой бiлдiру еркiндiгi құндылықтарына адалдықтарын қуаттай отырып,
      жалпы жұрт таныған халықаралық құқық нормаларын, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның негiзге алатын құжаттарында баяндалған қағидаттарды басшылыққа ала отырып,
      екi ел халықтарының рухани және мәдени туыстығын сақтаудың маңыздылығын тани отырып,
      1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартты, 1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы ХХI ғасырға бағдарланған мәңгiлiк достық пен одақтастық туралы декларацияны, 2000 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерiнiң Бiрлескен мәлiмдемелерiн, сондай-ақ басқа да екi жақты құжаттарды негiзге ала отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы халықтарының арасындағы олардың жақындасу мен ынтымақтастыққа өзара ұмтылысына негiзделген өзара түсiнiстiк пен достықты одан әрi нығайтуға қатысты өздерiне мiндеттеме қабылдай отырып,
      мәлiмдейдi:
      - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы алдағы уақытта да өз қатынастарын өзара сенiм бiлдiру, тәуелсiздiктi құрмет тұту, ашықтық, егемендiк, аумақтық тұтастық, бiр-бiрiнiң ішкi істерiне араласпау қағидаттары негiзiнде құратын болады.
      - Қазақстан мен Ресей өзiне алған жан-жақты интеграцияны және стратегиялық әрiптестiктi тереңдету бағыты өзiн толық ақтады. Екi мемлекет арасында қалыптасқан достық және одақтастық қатынас халықаралық бейбiтшiлiктiң, еуразиялық кеңістiктегi қауiпсiздiк пен тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылады.
      - Ең бiрiншi маңызды мiндет Қазақстанның және Ресейдiң көп ұлтты халықтарының арасындағы ғасырлар бойы жинақталған достық, тату көршiлiк байланыстарды ұқыптылықпен сақтау болып табылады. Оларды нығайту және одан әрi қарқынды дамыту екi елдiң де түбегейлi мүдделерiне жауап бередi, бейбiтшiлiктi, аймақтық қауiпсiздiк пен тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдеседi.
      - Тараптар Қазақстан және Ресей халықтарының ортақ мәдени мұраларын, сондай-ақ олардың ұлттық мәдениеттерiнiң өзiндiк ерекшелiктерiн сақтауға жәрдемдесетiн болады.
      - Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға, оның iшiнде екi мемлекеттiң азаматтары арасындағы байланыстар мен қоғамдық ұйымдардың өзара iс-қимылын көтермелеуге, ортақ мәдени, бiлiм беру және ақпараттық кеңiстiктi ұлғайтуға жан-жақты қолдау көрсетiлетiн болады. Мәдениет, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ұлтаралық қатынас тiлi ретiнде орыс тiлi пайдаланылатын бiрлескен ғылыми зерттеулер гуманитарлық саладағы негiзге алынатын рөлдi орындауға қызмет етедi. Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде Орыс тiлiн дамыту қорын құруға барынша жәрдемдесетiн болады.
      - Өзара құрмет тұту негiзiнде консулдық мекемелердiң санын көбейту, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Президенттерi жанындағы адам құқығы жөнiндегi комиссиялардың тұрақты бiрлескен жұмыстарының табиғи жалғасы ретiнде адам құқығы жөнiндегi Қазақстан-Ресей екi жақты комиссиясын құру сенiм бiлдiру мен өзара түсiнiстiктi нығайтуға, Қазақстан мен Ресей аумақтарында тұрып жатқан екi ел азаматтарына қажеттi көмек көрсету жөнiндегi мүмкiндiктердi кеңейтуге жәрдемдесетiн болады. Бұл орайда, бұрынғысынша, Қазақстан мен Ресей азаматтарының, олардың этникалық тегiне қарамастан, қандай да болсын кемсiтушiлiксiз және шектеулерсiз тең құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге басымдықты назар аударылатын болады.
      - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттерi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссияның шеңберiнде дайындалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 2000-2002 жылдарға арналған гуманитарлық саладағы ынтымақтастық бағдарламасын қарады және Комиссияға оны кезектi мәжiлiсiнде бекiтудi, ал екi елдiң тиiстi министрлiктерi мен ведомстволарына Бағдарламаны бұлжытпай орындау жөнiнде шаралар қабылдауды тапсырды. Бағдарламада баяндалған мәдениет, ақпарат, бiлiм беру, гуманитарлық ғылымдар, жастар саясаты, спорт және туризм, денсаулық сақтау, адам құқығы мен негiзгi бостандықтарын қорғау, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту салаларындағы нақты iс-шараларды жүзеге асыру Қазақстан мен Ресейдiң өзара iс-қимылын жандандыруға, олардың көп ұлтты халықтарының жақындасуларына жаңа серпiн беруге қызмет етедi.

      (Қолдары)

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.