Об утверждении Правил регистрации и учета безработных

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2000 года N 444 Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 июня 2001 г. N 836 ~P010836

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила регистрации и учета безработных.
      2. Агентству Республики Казахстан по статистике совместно с Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан разработать и утвердить формы статистической отчетности по учету граждан, обратившихся по вопросам трудоустройства.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
     Первый заместитель
     Премьер-Министра
     Республики Казахстан  


                                                      Утверждены

постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2000 года N 444

                                 Правила 



                        регистрации и учета безработных

      Настоящие Правила определяют порядок регистрации и учета безработных и граждан, обратившихся за содействием в трудоустройстве в уполномоченный орган по вопросам занятости, а также к физическим и юридическим лицам любой формы собственности, занимающимся трудовым посредничеством (далее - Правила), в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 декабря 1998 года Z980341_ "О занятости населения".

                            1. Общие положения

      1. Граждане Республики Казахстан, иностранные граждане и лица без гражданства, постоянно проживающие на территории Республики Казахстан (далее - граждане), за содействие в трудоустройстве имеют право обращаться в уполномоченные органы по вопросам занятости, а также к физическим и юридическим лицам любой формы собственности, занимающимся трудовым посредничеством.
      2. К безработным относятся граждане в трудоспособном возрасте, не имеющие работы, готовые трудиться.
      3. Уполномоченный орган по вопросам занятости на городском, районном в городах, районном уровнях (далее - уполномоченный орган), а также физические и юридические лица любой формы собственности, занимающиеся трудовым посредничеством, регистрируют и ведут учет граждан и безработных из числа обратившихся.
      4. Уполномоченные органы формируют базу данных по физическим и юридическим лицам любой формы собственности, занимающимся трудовым посредничеством.

            2. Порядок регистрации и учета граждан и безработных

      5. При обращении граждан в уполномоченный орган, к физическим и юридическим лицам любой формы собственности, занимающимся трудовым посредничеством, представляют следующие документы для регистрации:
      паспорт (удостоверение личности), трудовая книжка или документ, заменяющий ее;
      документы об образовании, в случае их отсутствия, документы, удостоверяющие профессиональную квалификацию.
      6. На основании документов, указанных в пункте 5 настоящих Правил, уполномоченный орган, а также физические и юридические лица любой формы собственности, занимающиеся трудовым посредничеством, регистрируют безработных из числа обратившихся граждан путем занесения сведений в компьютерную базу данных.
      7. Уполномоченный орган, а также физические и юридические лица любой формы собственности, занимающиеся трудовым посредничеством, открывают карточку персонального учета граждан.
      Форма карточки персонального учета граждан (далее - карточка) утверждается Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
      8. Снятие безработного с учета производится в связи с трудоустройством, а также в случае не посещения им уполномоченного органа, а также физических и юридических лиц, занимающихся трудовым посредничеством, в течение месяца.
      9. Сведения о работе, проводимой с гражданами по вопросу их трудоустройства (направление к работодателям, на общественные работы, профессиональная ориентация, направление на профессиональное обучение безработных), сохраняются в компьютерной базе данных и вносятся в карточку.
      10. Учет граждан, обратившихся за содействие в трудоустройстве, и безработных из их числа, по компьютерной базе данных и карточкам ведется раздельно.

                   3. Порядок представления государственной
                           статистической отчетности

      11. Физические и юридические лица любой формы собственности, занимающиеся трудовым посредничеством, составляют статистическую отчетность за месяц, квартал и представляют в уполномоченные органы по вопросам занятости.
      Во избежание двойного учета безработных физические и юридические лица любой формы собственности, занимающиеся трудовым посредничеством, вместе со статистическим отчетом представляют в уполномоченный орган по вопросам занятости списки зарегистрированных ими и поставленных на учет безработных с целью их идентификации с безработными, состоящими на учете в уполномоченном органе по вопросам занятости.
      12. Уполномоченные органы по вопросам занятости составляют государственную статистическую отчетность за месяц, квартал, делают сводный отчет с учетом данных физических и юридических лиц любой формы собственности, занимающихся трудовым посредничеством, и представляют его в уполномоченный орган по вопросам занятости на областном уровне.
      13. Уполномоченный орган по вопросам занятости на областном уровне представляет государственную статистическую отчетность за месяц, квартал в центральный исполнительный орган.
      Центральный исполнительный орган представляет статистическую отчетность в государственный статистический орган.
      14. Формы отчетов и сроки их представления устанавливаются Агентством Республики Казахстан по статистике в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
(Специалисты: Умбетова А.М.,
                  Миць О.Я.)     


Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 27 наурыз N 444. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.06.19. N 836 қаулысымен. ~P010836


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу ережесі 
бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Қазақстан 
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 
бірлесіп, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өтініш жасаған 
азаматтарды есепке алу жөнінде статистикалық есеп жүргізудің нысандарын 
әзірлесін және бекітсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары
     
     
                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                         2000 жылғы 27 наурыздағы
                                             N 444 қаулысымен 
                                                  бекітілген
     
          Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу
                       Ережесі
     


      Осы Ереже жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғаларға жұмысқа орналасуға жәрдем сұраған жұмыссыздарды және азаматтарды "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Z980341_ Заңына сәйкес тіркеудің және есепке алудың тәртібін (бұдан әрі - Ереже) белгілейді.

                    1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі - азаматтар) жұмысқа орналасуға жәрдем сұрау үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғаларға өтініш жасауға құқылы.
      2. Жұмыссыздарға еңбекке жарамды жастағы, жұмысы жоқ, еңбек етуге

әзір азаматтар жатады.
     3. Қалалық, қалалардағы аудандық, аудандық деңгейлердегі жұмыспен 
қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), 
сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы 
жеке және заңды тұлғалар өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарды 
тіркейді және есебін жүргізеді.
     4. Уәкілетті органдар еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген 
меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар жөніндегі деректер базасын 
қалыптастырады.
     
            2. Азаматтар мен жұмыссыздарды
            тіркеудің және есепке алудың тәртібі
     


      5. Азаматтар тіркелу үшін уәкілетті органға, еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғаларға өтініш жасау кезінде мына құжаттарды:
      төлқұжатын (жеке басының куәлігі), еңбек кітапшасын немесе оны алмастыратын құжатты;
      білімі туралы құжаттарды, олар болмаған жағдайда кәсіби біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынады.
      6. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде уәкілетті орган, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар өтініш жасаған азаматтар қатарынан жұмыссыздарды деректердің компьютерлік базасына мәліметтер енгізу жолымен тіркейді.
      7. Уәкілетті орган, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар азаматтардың дербес есепке алу кәртішкесін ашады.
      Азаматтарды дербес есепке алу кәртішкесінің нысанын (бұдан әрі - кәртішке) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітеді.
      8. Жұмыссызды есептен шығару жұмысқа орналастырылуына байланысты, сондай-ақ олар уәкілетті органға, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға бір айдың ішінде бармаған жағдайда жүргізіледі.
      9. Азаматтармен оларды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүргізілетін жұмыс туралы мәлімет (жұмыс берушілерге, қоғамдық жұмыстарға жіберу, кәсіптік бағдар беру, жұмыссыздарды кәсіби оқуға жіберу) деректердің компьютерлік базасында сақталады және кәртішкеге енгізіледі.
      10. Жұмысқа орналасуға өтініш жасаған азаматтарды және олардың қатарындағы жұмыссыздарды деректердің компьютерлік базасы және кәртішкелер бойынша есепке алу жеке-жеке жүргізіледі.

              3. Мемлекеттік статистикалық есепті
                     ұсынудың тәртібі

      11. Еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар статистикалық есепті айға, тоқсанға жасайды және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
      Жұмыссыздардың екі рет тіркелуін болдырмау үшін еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға статистикалық есеппен бірге оларды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыздармен теңестіру мақсатында өздері тіркеген және есепке қойған жұмыссыздардың тізімін ұсынады.
      12. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айға, тоқсанға, статистикалық есеп жасайды, еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалардың деректерін ескере отырып, жиынтық есеп жасайды және оны облыстық деңгейдегі жұмыспен қамту

мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
     13. Облыстық деңгейдегі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті 
орган айына, тоқсанына мемлекеттік статистикалық есепті орталық атқарушы 
органға ұсынады.
     Орталық атқарушы орган статистикалық есепті мемлекеттік статистикалық 
органға тапсырады.
     14. Есептердің нысандары мен оларды ұсынудың мерзімдерін Қазақстан 
Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес белгілейді.
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.