Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 30 желтоқсан N 341-I. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 150 Заңымен. ~Z010150

      Осы Заң жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларын қоса алғанда, халықтың жұмыспен қамтылуы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жұмыссыздық - еңбек рыногында жұмыс күшінің белгілі бір бөлігінің талап етілмеуіне байланысты әлеуметтік-экономикалық құбылыс;
      2) жұмыссыздар - жұмысқа жарамды жастағы, жұмысы жоқ, еңбек етуге әзір азаматтар; <*>
      3) жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де нормативті құқықтық актілеріне қайшы келмейтін және оларға табыс немесе кіріс келтіретін жеке және қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға байланысты қызметі;
      4) бос орын - ұйымдардағы бос жұмыс орны;
      5) жұмыспен уақытша қамтылу - азаматтардың белгілі бір кезеңде қоғамдық-пайдалы қызметке қатысуына байланысты жұмыспен қамтылуы;
      6) <*>
      7) жұмыскер - жұмыс берушімен еңбек шартын (келісім-шартын), келісім жасасқан жеке тұлға;
      8) жұмыс беруші - басшысы (әкімшілігі) өкілдік ететін ұйым (заңды тұлға) не жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке тұлға;
      9) жұмыс күші - еңбекке қабілетті жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық;
      10) еңбек рыногы - жұмыс күшіне сұраным мен ұсынымның қалыптастырылу аясы;
      11) айлық есептік көрсеткіш - республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін қаржылық көрсеткіш;
      12) әлеуметтік қорғау - заңдармен белгіленген тәртіппен жұмыссыз деп танылған азаматтарға мемлекет көрсететін уақытша қаржы көмегі;
      13) еңбекке қабілетті жас - Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталатын жас мөлшерінің төменгі және жоғарғы шегі;
      14) еңбек делдалдығы - жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын, кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар тарапынан еңбекке орналастыру кезінде халыққа жәрдемдесу;
      15) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы

мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырушы, 
     халықтың жұмыспен қамтылуына қатысты бүкіл жұмысты үйлестіруші және 
ұйымдастырушы мемлекеттік орган;
     16) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - жұмыспен 
қамту саласындағы мемлекеттік саясатты аймақтық /облыстық, қалалық, 
қалалардағы аудандық, аудандық/ деңгейде іске асыруды қамтамасыз ететін 
мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);
     17)
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-баптың 17)-тармақшасының күші жойылды - Қазақстан          
              Республикасының 1999.04.05. N 361 заңымен.  

Z990361_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 483
              Заңымен.  

Z990483_

 
 
     2-бап. Жұмыспен қамтылған халық
     
     Жұмыспен қамтылған азаматтар мыналар болып табылады:
     1) еңбек шартымен (келісім-шартымен) жұмыс істейтін, оның ішінде 
толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс 
орындайтын, сондай-ақ өзге де ақы төленетін жұмысы (қызметі) немесе кірісі 
бар;
     2) кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;
     3) қосалқы кәсіптермен айналысатын және өнімді шарттар бойынша 
өткізетін;


      4) жұмысты азаматтық-құқықтық шарттар (мердігерлік шарттар) бойынша орындайтын, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің (артельдердің) мүшелері болып табылатын;
      5) ақы төленетін қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекітілген;
      6) Қарулы Күштерде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шекара әскерлері мен ішкі әскерлерінде, республикалық ұланда, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің бөлімдерінде және өзге де әскери құрамаларда әскери қызмет атқарып жүрген;
      7) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасымен кәсіби оқып жатқан адамдарды қоспағанда, жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, колледждерде, кәсіптік-техникалық, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында, аспирантурада,докторантурада және білім беру жүйесіне кіретін басқа да мекемелерде күндізгі оқу курстарында оқитын, сондай-ақ өндірістен қол үзіп қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген;
      8) науқастануына, еңбек демалысына, ереуілге, өндірістің тоқтатылуына немесе заңда көзделген мерзім шегінде өзге де себептерге байланысты уақытша жұмыс істемейтін адамдар.

      3-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдар

      1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және еңбек туралы заңдармен, осы Заңмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
      2. Жұмыспен қамту туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Заң алдында басымдығы болады және халықаралық шарттарда оны қолдану үшін заң шығару талап етілетінінен басқа жағдайларда тікелей қолданылады.

      4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат

      1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелі және еркін таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізуді қамтамасыз етеді.
      2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтарға, олардың нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, шығу тегіне, дінге көзқарасына, діни нанымына, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, жұмысты таңдау мен жұмысқа орналасуында бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге;
      2) шетелдік жұмыс күшін пайдалануды реттеу жолымен ішкі еңбек рыногын қорғауға;
      3) еңбек ресурстарын пайдалануды арттыруға;
      4) еңбек рыногының қажеттеріне сәйкес кадрлар даярлау жөніндегі білім беру жүйесін бағдарға алуға;
      5) азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік бастамасын қолдауға;
      6) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға, еңбек рыногында бәсекелесу қабілеті жоқ азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесетін шараларды жүзеге асыруға;
      7) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілеттік орган, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын, кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға; <*>
      8) жұмыссыздықтың алдын алуға және оны қысқартуға;
      9) жұмыспен қамту проблемаларын шешу жөніндегі республикалық шараларды жергілікті атқарушы органдар қолданатын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен ұштастыруға;
      10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа бағыттары бойынша қызметпен үйлестіруге;
      11) мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің, сондай-ақ жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шараларын әзірлеу мен іске асыруды үйлестіруге, реттеуге және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      12) Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының және Қазақстан

Республикасының аумағындағы шетелдік азаматтардың еңбек қызметіне 
байланысты мәселелерді шешуді қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту 
проблемаларын шешудегі халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
     13) еңбекшілер өкілдері мен жұмыс берушілердің мемлекеттік жұмыспен 
қамту саясатын әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.
     ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 483
              Заңымен.  

Z990483_

 
     
     5-бап. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
     
     1. Мемлекет азаматтарға:
     1) олардың жұмыс түрін еркін таңдауына, өздерінің еңбек құқықтарын 
қорғауына;
     2) кемсітушіліктің кез келген нысандарынан қорғалуына және барлық 
адамдардың мамандық пен жұмыс алуда бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз 
етілуіне;
     3) лайықты жұмыс таңдауы мен жұмысқа орналасуына кепілдік береді.
     2. Мемлекет:
     1) 20 жасқа дейінгі жастар;
     2) кәмелетке толмаған балалар тәрбиелеп отырған жалғызілікті және көп 
балалы ата-аналар;
     3) 16 жасқа толмаған мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар, 
мүгедектер;
     4) жұмыстан соңғы босатылған негізіне қарамастан, ұзақ уақыт, бір 
жылдан астам уақыт бойында жұмысы жоқ адамдар;
     5) зейнеткерлік алдындағы (зейнеткерлікке шығуына дейін 2 жыл қалған) 
адамдар;
     6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сот шешімі бойынша 
мәжбүрлі емдеуден өткен адамдар;
     7) құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін босатылған жағдайларды 
қоспағанда, әскери қызметтен зейнетақы алу құқығынсыз босатылған әскери 
қызметшілер;
     8) босқындар, оралмандар (көшіп келушілер) және жастарды жұмыспен 
қамтуға жәрдемдесудің нысаналы бағдарламаларын іске асыру жолымен жұмыс 
іздестірудегі қиындыққа ұшыраушылар;
     9) әйелдер;
     10) ауыл тұрғындары;


      11) экологиялық апат аймақтарында тұратын халық сияқты әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж азаматтар санатына қосымша кепілдіктерді қамтамасыз етеді.

      6-бап. Жұмыссыздар. Азаматтарды жұмыссыз деп
                 танудың тәртібі мен шарттары

      1. Еңбек қызметімен шұғылданбайтын, өздеріне байланысты емес себептер бойынша табыс таппайтын немесе басқа кіріс келтірмейтін, азаматтарды ресми жұмыссыздар деп тану туралы шешімі бар, еңбек етуге дайын және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган не еңбек делдалдығымен айналысатын, кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар лайықты жұмыс ұсынбаған азаматтар жұмыссыздар болып табылады.
      2. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
      3. Азаматтарды жұмыссыздар деп ресми тану туралы шешімді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган олар жеке куәлігін /төлқұжатын/, еңбек кітапшасын немесе олардың бұрынғы еңбек қызметін растайтын құжаттарын, сондай-ақ олардың кәсіби біліктілігі туралы құжаттарын, өздерінің салық органдарында жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар ретінде тіркелгені туралы (не ондай тіркеуде жоқ екендігі туралы) құжаттарын көрсеткен жағдайда жұмыс іздеуші адам ретінде олардың тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезден бастап сегізінші күні қабылдайды. <*>
      4. Мыналар:
      1) еңбек жасына жетпеген;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын;
      3) жұмыс іздеуші адамдар ретінде тіркелген күнінен бастап жеті күн ішінде лайықты жұмыстан бас тартқан;
      4) белсенді жұмыс іздеу мақсатында уәкілетті органда жұмыс іздеуші адамдар ретінде тіркелген күнінен бастап оның шақыруы бойынша дәлелсіз себептермен жеті күн ішінде кем дегенде бір рет келмеген азаматтарды жұмыссыздар деп тануға болмайды.
      5. Осы баптың 4-тармағының 3), 4) тармақшаларында аталған азаматтардың жұмыс іздеуші адамдар ретінде тіркелген отыз күн өткен соң қайтадан жұмыссыздық санатын тануды талап етуге құқығы бар.
      6. Жұмыссыздар жұмыссыздық санатынан мынадай жағдайларда:
      1) жұмысқа орналасқанда немесе осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыс істеуші деп танылған (оның ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысуынан басқа жағдайларда);
      2) басқа жерлерге көшкен;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған;
      4) бас бостандығынан айыру немесе түзеу жұмыстары түріндегі жазамен сотталған не соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуге жіберілген;
      5) белгіленген уақытта не шақыру бойынша уәкілетті органға дәлелді себептерсіз келмеген;
      6) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ұсынған жұмысқа орналастыру немесе оқыту жолдамасын берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дәлелді себептерсіз келмеген;
      7) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның

жолдамасымен кәсіби оқуды дәлелді себептерсіз тоқтатқан;
     8) алдау арқылы жұмыссыздық жағдайын алуға әрекет жасаған жағдайларда 
айырылады.
     7. Осы баптың 6-тармағының 5), 6), 7), 8) тармақшаларында аталған 
азаматтардың он екі айлық жұмыссыздық кезеңі өткен соң кезекті жұмыссыздық 
санатын тануды талап етуге құқығы бар. Бұл орайда жұмыссыздық санатын тану 
тәртібі сақталады.
     ЕСКЕРТУ. 6-баптың 3-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасының       
              1999.04.05. N 361 Заңымен.  

Z990361_

 
     ЕСКЕРТУ. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының            
              1999.11.22. N 483 Заңымен.  

Z990483_

 
 
     7-бап. Лайықты жұмыс
     


      1. Жұмыскердің кәсіптік даярлығын, денсаулық жағдайын, жұмыс орнына көлікпен жету жағдайын ескере отырып, оның кәсіптік жарамдылығына сай келетін жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі.
      2. Алдын ала (азаматтардың жасы мен өзге де ерекшеліктерін ескере отырып) даярлауды керек ететін немесе керек етпейтін, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетін уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда, ақы төленетін жұмыс:
      1) бірінші рет жұмыс іздеуші (бұрын жұмыс істемеген) және кәсібі (мамандығы) жоқ;
      2) бұрынғы кәсібі (мамандығы) бойынша біліктілігін арттырудан (қалпына келтіруден), ұқсас кәсіп алудан немесе жұмыссыздықтың бастапқы он екі ай кезеңінде қайта даярлаудан өтуден бас тартқан;
      3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда он екі айдан

астам уақыт есепте тұрған, сондай-ақ үш жылдан астам жұмыс істемеген;
     4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға маусымдық 
жұмыстар аяқталғаннан кейін өтініш жасаған азаматтар үшін лайықты жұмыс 
деп есептеледі.
     3. Егер:
     1) жұмыс тұрақты тұратын жерден едәуір алыс болса және қоғамдық көлік 
оған мезгілінде (1,5 сағатқа дейін) жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса;
     2) жұмыс іздеуші адамның келісімінсіз тұрғылықты жерін ауыстыруына 
байланысты болса;
     3) еңбек жағдайы еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларға 
сәйкес келмесе, лайықты жұмыс деп саналмайды.
     
           2-тарау. Азаматтардың жұмыспен қамту
                    саласындағы құқықтары
     
     8-бап. Азаматтардың жұмыс орнын таңдау құқығы
     


      1. Азаматтардың жұмыс берушіге немесе жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тікелей жүгіну арқылы жұмыс орнын еркін таңдап алуға құқығы бар.
      2. Еңбек шарттарын (келісім-шарттарын) жасау тәртібі мен ережелері Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

      9-бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу кезінде көмек алу құқығы

      1. Азаматтардың жұмысқа орналасу кезінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың тарапынан көмек алуға құқығы бар.
      2. Еңбек делдалдығы мынадай:
      1) көрсетілетін қызметтерді пайдалану мүмкіндігін білдіретін қолайлылық;
      2) көрсетілетін қызметтерді қандай да болсын мәжбүр етпей еркін пайдалануды білдіретін еріктілік;
      3) жұмыс іздеуші барлық адамдар жөнінде бірдей міндеттерді білдіретін теңдік;
      4) жұмыс күші қажет екендігі, бос жұмыс орындарының болуы туралы

ақпаратты жұмыс іздеуші адамдардың білу еркіндігін білдіретін жариялылық 
принциптеріне негізделеді.
     
     10-бап. Азаматтардың шет елдердегі еңбек қызметіне құқығы
     
     1. Азаматтардың шет елдерде өз бетінше жұмыс іздеуге және жұмысқа 
орналасуға құқығы бар.
     2. Азаматтарға шет елдерде жұмысқа орналасу жөнінде жұмыспен қамту 
мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ еңбек делдалдығымен 
айналысатын жеке және заңды тұлғалардың тарапынан делдалдық көмек 
көрсетуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіп пен 
жағдайларда рұқсат етіледі.
     
     11-бап. Азаматтардың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
             уәкілетті органның, олардың лауазымды адамдарының
             заңсыз әрекеттеріне шағым жасау құқығы
     
     Азаматтар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, 
еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ 
олардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне сотқа шағым жасауға 
құқылы.
     
              3-тарау. Халықтың жұмыспен қамтылуын
                          реттеу мен ұйымдастыру
     
     12-бап. Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу
     
     Мемлекет халықтың жұмыспен нәтижелі және еркін таңдау арқылы 
қамтылуына жәрдемдесу мақсатында:


      1) өндіргіш күштерді дамытуға және оңтайлы орналастыруға, еңбек ресурстарының жұмылдырылуын арттыруға, жұмыспен уақытша және дербес қамтылуы дамытуға, бар жұмыс орындарын сақтап, жаңа жұмыс орындарын құруға, икемді еңбек режимдерін қолдануды көтермелеуге бағытталған экономикалық саясат шаралары мен басқа да шараларды әзірлеуді және іске асыруды;
      2) жұмыспен қамту саласындағы құқықтық реттеуді азаматтардың мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау негізінде жүзеге асырады.

      13-бап. Халықтың жұмыспен қамтылу бағдарламалары

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбекшілер өкілдерінің және жұмыс берушілердің қатысуымен мемлекет дамуының стратегиялық жоспарлары негізінде жыл сайын Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жасайды, онда мыналар көзделеді:
      1) жұмыспен қамту деңгейінің төмендеу қарқыны бәсеңдету жөніндегі шаралар;
      2) жұмыс күшінің сұранымы мен ұсынымын теңдестіру жөніндегі шаралар;
      3) әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың, әсіресе селолық жерлердегі халықтың жекелеген топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
      4) қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орташа жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуды ынталандыру;
      5) еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру;
      6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру;
      7) жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешу ісінде жергілікті атқарушы органдарының рөлін арттыру;
      8) жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен интеграциялау;
      9) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жетілдіру;
      10) инвестициялық бағдарламалар жасау кезінде еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын құру.
      Жергілікті атқарушы органдар жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын жасап, олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
      2. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік даму болжамдарының көрсеткіштері халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын жасауға негіз болып табылады.

      14-бап. Жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру

      Жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру (қоғамдық жұмыстар,

жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыспен қамту мәселелері 
жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жасау мен қолдау, табысы аз 
азаматтар ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету) мемлекеттік 
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. 
              N 361 Заңымен.  

Z990361_

 
     ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының                
              1999.11.22. N 483 Заңымен.  

Z990483_

 

     15-бап.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 15-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының             
              1999.11.22. N 483 Заңымен.  

Z990483_

 

     16-бап. Шетелдік жұмыс күшін әкелуге, сондай-ақ Қазақстан 
             Республикасынан тыс жерге жұмыс күшін әкетуге
             байланысты қызметті реттеу
     


      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республика аумағында жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден жұмыс берушілер жалдайтын шетелдік азаматтарды тартуға тұтас және кәсіптер топтары бойынша квота белгілейді.
      Орталық атқарушы орган жұмыс берушілерге белгілеген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарда шетелдік мамандар мен жұмысшыларды жұмыс орындарына орналастырғаны үшін жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес әлеуметтік салық төлейді.
      Жұмыс беруші келісім-шарт мерзімі біткен соң шетелдік жұмыс күшін кепілдік берілген және кепіл жарналарын төлеу арқылы әкетуге кепілдік береді.
      Кепілдік берілген және кепіл жарналарын төлеудің тәртібін, шарты мен

мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
     3. Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер қосымша жұмыс 
орындарын құруға, орталық атқарушы органмен келісе отырып, шетелдік 
жұмысшылар мен мамандарды ауыстыру үшін Қазақстан Республикасының 
азаматтарын қайта оқытуға міндетті. 
     4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ жұмыс күшін Қазақстан 
Республикасынан шетелге әкетуге байланысты қызмет Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес лицензияланады.
     
     17-бап. Жергілікті атқарушы органдардың халықты жұмыспен
             қамту мәселелері жөніндегі өкілеттігі
     
     Жергілікті атқарушы органдар халықтың жұмыспен қамтылуын:
     1) 
<*>

     2) өздерінің аумағында орналасқан ұйымдарда осы Заңның 5-бабының 
2-тармағында аталған адамдарды жұмысқа қабылдау үшін жыл сайын жұмыс 
орнының ең аз санын (квотасын) белгілеу;
     3) қосымша жұмыс орындарын құру мен жеке кәсіпкерлікті дамытуды 
қолдау; 
     4) шағын және орташа кәсіпкерлікті дамыту;
<*>

     5) жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету;
     6) ақы төленетін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
     7) халықтың жұмыспен нәтижелі қамтылуына жәрдемдесетін басқа да 
шараларды жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етеді.
     ЕСКЕРТУ. 17-баптың 1)-тармақшасынан сөздер алынып тасталды -          
              Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361 Заңымен.  

Z990361_

 
     ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының                
              1999.11.22. N 483 Заңымен.  

Z990483_

 
 
     18-бап. Жұмыс берушілердің мемлекеттік жұмыспен қамту
             саясатын іске асыруға қатысуы
     
     1. Жұмыс берушілер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыруға 
мынадай жолдармен:


      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек қатынастарын реттейтін шарттардың (келісім-шарттардың) ережелерін сақтау;
      2) жұмыссыздық немесе өндіріс тоқтап қалған жағдайда жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі ұжымдық шарттарда, басқа да келісімдерде көзделген шараларды іске асыру;
      3) жұмысқа орналастыруға көмек көрсету;
      4) жұмыскерлердің кәсіптік даярлануына, қайта даярлануына және біліктілігін арттыруға жағдай жасау;
      5) осы Заңның 5-бабының 2-тармағында аталған адамдарды жұмысқа орналастыру арқылы қатысады.
      2. Жұмыс берушілер:
      1) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыскерлердің алдағы босатылатыны, олардың саны мен санаттары туралы ақпаратты, оның қатысы болуы мүмкін қызметтер мен кәсіптер және олардың босатылатын мерзімін көрсете отырып, кемінде екі ай бұрын және толық көлемінде беру;
      2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес барлық бос жұмыс орындары (бос орындар) туралы мәліметтерді олар пайда болған күннен бастап үш күн мерзімде жіберу;
      3) ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде өтініш жасаған адамдарды бос орынға жұмысқа қабылдау;
      4) жұмыс орындарын (бос қызметтерді) жасырғанына кінәлі жұмыс берушілер заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауап береді;
      5) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген адам жұмысқа қабылданған жағдайда оның жұмысқа орналастырылған күнін көрсете отырып жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлама табыс ету. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген адамды жұмысқа қабылдаудан бас тартылған жағдайда жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген жолдамаға оның келген күні және жұмысқа қабылдаудан бас тартылған себебі туралы белгі қояды;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік статистикалық органдарға осы органдар белгілейтін тәртіп пен мерзімде халықтың жұмысқа қамтылуы жөніндегі статистикалық есеп беру;
      7) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген адамдарды жұмысқа халықтың қорғалған жіктері үшін белгіленген квотаға сәйкес қабылдау;
      8) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қосымша жұмыс орнының құрылғаны туралы ақпарат жіберуге міндетті.
      3. Жұмыс берушілердің:
      1) квота есебінен қабылдау жағдайларын қоспағанда, ұйымға тікелей өтініш берген адамдарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бар адамдармен бірдей негіздерде жұмысқа қабылдауға;
      2) шарт негізінде еңбек рыногының жай-күйі туралы жұмыспен қамтылу мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан ақпарат алуға;
      3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, олардың лауазымды адамдарының әрекетіне сотқа шағым жасауға құқығы бар.

      19-бап. Орталық атқарушы орган

      1. Республикалық дәрежеде халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын өз құзіреті шегінде орталық атқарушы орган жүзеге асырады.
      2. Орталық атқарушы органның қызмет тәртібін, қаржыландыру көздерін, құқықтық мәртебесі мен жауапкершілігін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      3. Орталық атқарушы органның құрамында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі инспекция жұмыс істейді.
      4. Орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде:
      1) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарының әдістемелік басшылығын жүзеге асыруға;
      2) еңбек рыногы мен бос орындар жөніндегі деректердің республикалық базасын жасау негізінде жұмыс күшіне талдау жасауға, сұраным мен ұсынымды болжауға және халыққа, жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбек рыногының жай-күйі туралы хабарлап отыруға;
      3) жұмыс орындарын құру мәселелерін қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, деректердің ақпараттық базасын жасау мен қолдау бағдарламасын, әзірлеуге, табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету; <*>
      4) <*>
      5) шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелдерге жұмыс күшін әкетуге байланысты қызметке лицензия беруге;
      6) жұмыс берушілерге белгіленген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруге;
      7) еңбек рыногының қажеттеріне сәйкес және нарық қатынастарын дамыту жағдайында кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты, білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесе отырып белгілеуге және қалыптастыруға; <*>
      8) республиканың ресми баспасөз басылымдарында жұмыс күшіне, жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне және кәсіби бағдарға ұсыным мен сұраным туралы статистикалық деректер мен ақпараттық материалдар жариялауға;
      9) инвестициялық бағдарламалар жөніндегі ұсыныстарды қарау кезінде еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне қосымша жұмыс орындарын құру қажет екендігі туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге міндетті.
      ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05.
               N 361 Заңымен. Z990361_
      ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының
               1999.11.22. N 483 Заңымен. Z990483_

      20-бап. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган

      1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган аймақтық (облыстық, қалалық, қалалардағы аудандық, аудандық) деңгейде халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құрамында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі инспекция жұмыс істейді.
      2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызмет тәртібін, қаржыландыру көздерін, құқықтық мәртебесі мен жауапкершілігін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
      3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
      1) өтініш жасаған азаматтарға - жұмыс табу мүмкіндігі туралы және белгілі бір жұмыс алғысы келетін адамдарға қойылатын талаптар туралы, ал жұмыс берушілерге жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабарлап отыруға;
      2) азаматтарға - лайықты жұмыс таңдауға, ал жұмыс берушілерге қажетті жұмыскерлерді іріктеп алуға жәрдем көрсетуге;
      3) бос жұмыс орындарының есебін жүргізуге;
      4) жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде өтініш жасаған адамдарды тіркеп, есепке қоюға;
      5) халыққа кәсіби бағдар беру қызметін көрсетуге;
      6) жұмыссыздарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға жіберуге; <*>
      7) еңбек рыногының қажеттеріне сәйкес жұмыссыздарды кәсіби оқытуға жіберуге, жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру құнын мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен төлеуге, табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетуге; <*>
      8) <*>
      9) аймақтағы жұмыс күшіне сұраным мен ұсынымды талдау, болжау, халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органға еңбек рыногының жай-күйі туралы хабарлап отыруға;
      10) халықтың жұмыспен қамтылуының аймақтық бағдарламасын жасап, іске асыруға;
      11) ресми баспасөз басылымдарында жұмыс күшіне ұсыным мен сұраным, аймақтағы жұмысқа орналастыру мен кәсіби бағдар мүмкіндіктері туралы жариялап отыруға міндетті.
      4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның:
      1) жұмыс берушілерден жұмыскерлерді босату нәтижесінде туындауы мүмкін деп болжанып отырған құрылымдық өзгерістер мен өзге де шаралар туралы ақпарат, сондай-ақ жұмыс күшін қажетсіну туралы, босатылатын, қабылданған және шығарылған қызметкерлердің саны мен кәсіби-біліктілік құрылымы туралы ақпарат алуға;
      2) азаматтарды жұмыс берушілерге оларда жұмыс күші қажет болған жағдайда жіберуге;
      3) жергілікті атқарушы органдарға өз аумағында орналасқан ұйымдарда ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұсыныс енгізуге;
      4) жұмыссыздарды олардың келісімімен ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға жіберуге;
      5) білім беру мәселелерін қарайтын мемлекеттік органдардан, меншік нысанына қарамастан, оқу орындарынан, мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру ісін жүзеге асыратын әртүрлі ұйымдардың оқу курстарынан оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыру туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар), нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша мамандардың даярланған және даярлануы болжанып отырған саны туралы ақпарат сұрауға;
      6) жергілікті атқарушы органдарға жұмыскерлерді, оның ішінде жекешелендірілетін және банкроттыққа байланысты таратуға жататын ұйымдардың жұмыскерлерін босатуға байланысты шаралардың мерзімін ауыстыру немесе оларды уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныс жасауға;
      7) жұмыспен қамту туралы заңдарды бұзғанын жою туралы нұсқама енгізуге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және жұмыспен қамту туралы заңдардың бұзылуына кінәлі адамдарға әкімшілік жаза қолдануға құқығы бар.
      5. <*>
      6. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыспен қамту

мәселелері жөніндегі деректердің ақпараттық базасын қалыптастыру үшін 
орталық атқарушы орган белгілеген мөлшер мен мерзімде қажетті мәліметтерді 
табыс етеді.
     ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361 
 
              Заңымен.  

Z990361_

 
     ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. 
              N 483 Заңымен.  

Z990483_

 

     21-бап. Еңбек делдалдығы
     
     1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек делдалдығымен кез 
келген меншік нысанындағы, белгіленген тәртіппен тіркелген жеке және заңды 
тұлға айналысуы мүмкін.
     2. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының                
              1999.11.22. N 483 Заңымен.  

Z990483_

 
     
     22-бап.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 22-баптың күші жойылды - Қазақстан Республикасының           
              1999.04.05. N 361 заңымен.  

Z990361_

 
       
     23-бап. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта 
             даярлау 
<*>

      1. Жұмыссыздың қажетті кәсіби біліктілігі болмағандықтан лайықты жұмыс тауып беру мүмкін болмаған жағдайда жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
      2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау білім беру жүйесінің оқу орындарында, оқу комбинаттарында, ұйымдарда жұмыс істейтін біліктілікті арттыру курстарында еңбек рыногының қажеттері ескеріле отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Жұмыссыздарды оқыту жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, білім беру ұйымы, жұмыс беруші және жұмыссыз қатысушылары болып табылатын төрт жақты шарт негізінде жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
               1999.11.22. N 483 Заңымен. Z990483_

      24-бап. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру <*>

      1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз

азаматтарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жібереді.
     2. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар береді және олар 
жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
     3. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу 
кемінде ең төмен жалақы мөлшерінде белгіленеді.
     4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының 
Үкіметі белгілейді.
     ЕСКЕРТУ. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының           
              1999.11.22. N 483 Заңымен.  

Z990483_

 
     
     25-бап. Жұмыс орындарын құру
     
     Мемлекет жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру 
мақсатында мемлекеттік бағдарламаларға, оның ішінде өнеркәсіпті, ауыл 
шаруашылығын дамыту бағдарламалары және экономиканың басқа салаларының 
бағдарламаларына сәйкес жұмыс орындарын құрады.
<*>

     
<*>

     ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 483 
              Заңымен.  

Z990483_

 

     26-бап. Азаматтар мен олардың отбасы мүшелерінің
                 өз еркімен қоныс аударуы
     


      1. Еңбек рыногындағы ахуалды негізге ала отырып, жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган азаматтар мен олардың отбасы мүшелерінің өз еркімен қоныс аударуына көмек көрсетеді.
      Өтінімі бойынша қызметкер өз еркімен қоныс аударатын жұмыс беруші оған және оның отбасы мүшелеріне қоныс аударуға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өтемақы төлейді.
      2. Азаматтардың өз еркімен қоныс аударуын ұйымдастырудың шарты мен тәртібі туралы ереже Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар

аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту, өндірістік және 
мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді салу мен іске қосу мақсатында сол 
аймақтарды игерудің мамандықтары бойынша жұмыс беру кепілдігімен 
азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің өз еркімен қоныс аударуына 
жәрдемдесу шараларын көздейтін арнаулы бағдарламалар жасайды.
     
     4-тарау. Жұмыссыздарға берілетін әлеуметтік
               кепілдіктер мен өтемақылар
     
     27-бап. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау 
<*>

     Табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыздарға мынадай әлеуметтік қорғау 
көрсетіледі:
     1) осы Заңның 29-бабына сәйкес материалдық көмек көрсету;
     2) жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу; 
     3) жұмыссыздарға кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта 
даярлау кезеңінде оқу құнын төлеу;
     4) қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы 
төлеу.
     ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361 
              Заңымен.  

Z990361_

 
     ЕСКЕРТУ. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының           
              1999.11.22. N 483 Заңымен.  

Z990483_

 
    
     28-бап.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361 
              Заңымен.  

Z990361_

 
     ЕСКЕРТУ. 28-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының             
              1999.11.22. N 483 Заңымен.  

Z990483_

 

     29-бап. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетудің
             талаптары мен тәртібі 
<*>

     Табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек 
көрсетіледі. Материалдық көмек көрсетудің тәртібі Қазақстан 
Республикасының заңдарымен белгіленеді.
     Табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыз қайтыс болған жағдайда оның 
отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арнап материалдық 
көмек көрсетіледі.    
     ЕСКЕРТУ. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының           
              1999.04.05. N 361 Заңымен.  

Z990361_

 
     ЕСКЕРТУ. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының           
              1999.11.22. N 483 Заңымен.  

Z990483_

 
     
     30-бап. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 30-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының           
              1999.04.05. N 361 Заңымен.  

Z990361_

 
     
     31-бап. 
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. 31-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361 
              Заңымен.  

Z990361_

 
     ЕСКЕРТУ. 31-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының             
              1999.11.22. N 483 Заңымен.  

Z990483_

 

     32-бап. Жұмыстан айрылу жағдайына ерікті сақтандыру
     
     1. Азаматтар жұмысынан айырылуы (жұмыссыздық) жағдайына ерікті 
сақтандыру шарттарын жасасуға құқылы. Сақтандырудың тәртібі мен шарттары 
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
     2. Жұмыс берушілердің жұмыскерлерді олар жұмысынан айрылуы жағдайына 
сақтандыруға құқығы бар. Сақтандырудың тәртібі мен ережелері Қазақстан 
Республикасының заңдарымен және ұжымдық шарттармен белгіленеді.
     
     33-бап. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 33-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының           
              1999.04.05. N 361 заңымен.  

Z990361_

 

             5-тарау. Жұмыспен қамту туралы заңдардың
                         сақталуын бақылау
     
     34-бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың сақталуын 
             бақылауды жүзеге асыратын органдар
     
     Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамту туралы заңдардың 
сақталуын бақылауды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы 
және уәкілетті орган, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы 
және уәкілетті органның инспекциясы мен жергілікті атқарушы органдар 
жүзеге асырады.
     
     35-бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың
             бұзылғаны үшін жауаптылық
     
     Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы заңдарды бұзған жеке және заңды 
тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
     
     36-бап. Осы Заңды күшіне енгізу тәртібі
     
     Осы заң 1999 жылға 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Үмбетова А.М.) 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады