О дополнительных мерах по повышению качества юридической работы в центральных и местных исполнительных органах

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2000 года N 868. Утратило силу постановлением Правительства РК от 9 ноября 2006 года N 1072

       Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2000 года N 868 утратило силу постановлением Правительства РК от 9 ноября 2006 года N  1072 .

      В целях обеспечения выполнения требований пункта 3 статьи 69  K951000_ Конституции Республики Казахстан, пункта 1 статьи 10 Конституционного закона Республики Казахстан  Z952688_ "О Правительстве Республики Казахстан" и пункта 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан  Z980213_ "О нормативных правовых актах" о необходимости соответствия каждого нормативного правового акта нижестоящего уровня актам вышестоящих уровней, а также в целях повышения качества юридической работы в центральных и местных исполнительных органах, обеспечения законности принимаемых ими решений, предотвращения в их деятельности случаев нарушения прав и свобод граждан Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Центральным исполнительным органам Республики Казахстан и их ведомствам в пределах утвержденного Правительством Республики Казахстан лимита штатной численности этих органов, а местным исполнительным органам - в пределах утвержденного акимами областей, городов Астаны и Алматы лимита штатной численности этих органов в месячный срок обеспечить создание в своей структуре самостоятельных структурных подразделений юридических служб (самостоятельных отделов, управлений, департаментов), а при штатной численности указанных органов менее 80 штатных единиц - структурные подразделения юридических служб. 
      2. Руководителям центральных и местных исполнительных органов: 
      в двухнедельный срок разработать и после согласования с Министерством юстиции Республики Казахстан утвердить внутриведомственные правила подготовки проектов нормативных правовых актов, предусматривающие обязательное согласование этих проектов с юридическими службами; 
      в двухмесячный срок обеспечить в установленном порядке укомплектование вакантных должностей в юридических службах квалифицированными специалистами; 
      обеспечить строгое выполнение требований Положения о юридической службе органов государственного управления и подведомственных им предприятий, организаций, утвержденного постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 мая 1995 года N 624  P950624_ "Об утверждении Положения о юридической службе органов государственного управления и их подведомственных предприятий, учреждений". 
      3. Министерству юстиции Республики Казахстан: 
      разработать цикл тематических лекций по отдельным отраслям законодательства, обеспечить их прочтение в соответствующих министерствах, агентствах и ведомствах; 
      организовать регулярное (с периодичностью не реже 1 раза в год) компьютерное тестирование заместителей руководителей министерств, агентств и ведомств, а также руководителей и заместителей руководителей их структурных подразделений (департаментов, управлений, отделов) с целью проверки знания ими норм действующего законодательства по вопросам, входящим в компетенцию соответствующего государственного органа; 
      о результатах тестирования информировать соответствующие государственные органы, а также Правительство Республики Казахстан; 
      по согласованию с министерствами, агентствами и ведомствами организовать регулярные стажировки работников их юридических служб в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 
      4. Признать утратившим силу пункт 3 постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 1996 N 521  P960521_ "О мерах по улучшению состояния юридической службы в министерствах, государственных комитетах и иных центральных исполнительных органах Республики Казахстан и 

  повышению качества ее работы" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 18, 

ст. 152).

     5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

       Премьер-Министр

  Республики Казахстан  

       (Специалисты: Мартина Н.А.,

                   Умбетова А.М.)   

Орталық және жергілікті атқарушы органдарда заң жұмысының сапасын арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 7 маусым N 868. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.09. N 1072 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы  Конституциясының 69-бабы 3-тармағының "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық  заңының 10-бабы 1-тармағының және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 4-бабы 3-тармағының төмен тұрған деңгейдегі әрбір нормативтік құқықтық кесімді жоғары тұрған деңгейдегі кесімдерге сәйкес келтіру қажеттілігі туралы талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардағы заң жұмысының сапасын көтеру, олар қабылдайтын шешімдердің заңдылығын қамтамасыз ету, олардың қызметінде азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұзылу жағдайларының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және олардың ведомстволары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен осы органдардың штат санының лимиті шегінде, ал жергілікті атқарушы органдар - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бекіткен осы органдардың штат санының лимиті шегінде бір айлық мерзімде өз құрылымында дербес заң қызметтерінің құрылымдық бөлімшелерін (дербес бөлімдерді, басқармаларды, департаменттерді) құруды қамтамасыз етсін. 
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары: 
      екі апталық мерзімде нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын міндетті түрде заң қызметтерімен келісуді көздейтін осы жобаларды дайындаудың ішківедомстволық ережелерін әзірлесін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келіскеннен кейін бекітсін. 
      екі айлық мерзімде белгіленген тәртіппен заң қызметтеріндегі бос қызметтерді білікті мамандармен толықтыруды қамтамасыз етсін; 
      "Мемлекеттік басқару органдарының және оларға қарасты кәсіпорындардың, мекемелердің заң қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 мамырдағы N 624  қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқару органдарының және олардың ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының, ұйымдарының заң қызметі туралы ережесі талаптарының қатаң орындалуын қамтамасыз етсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі: 
      заңнаманың жекелеген салалары бойынша тақырыптық лекциялар циклын әзірлесін, олардың тиісті министрліктерде, агенттіктер мен ведомстволарда оқылуын қамтамасыз етсін; 
      министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар басшыларының орынбасарларын, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын олардың тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданылып жүрген заңнама нормаларын білуін тексеру мақсатында жүйелі (жылына 1 реттен сирек болмайтын мерзімділікпен) компьютерлік тестілеуді ұйымдастырсын; 
      тестілеудің нәтижелері туралы тиісті мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін; 
      министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың келісуі бойынша олардың заң қызметтері қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде жүйелі тағлымдамалардан өтуін ұйымдастырсын. 
      4. "Қазақстан Республикасының министрліктерінде, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарында заң қызметінің жай-күйін жақсарту және оның жұмысының сапасын арттыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі N 521  қаулысының 3-тармағы күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 18, 152-құжат).
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі