О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 1996 года N 1418

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июня 2000 года N 947. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 21 мая 2002 г. N 543 ~P020543 .

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 1996 года N 1418 P961418_ "Об утверждении Положения о Государственной межведомственной комиссии по радиочастотам Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 47, ст. 459) следующие изменения и дополнения:
      главы I, II, III, IV, V обозначить арабскими цифрами 1, 2, 3, 4, 5 соответственно;
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Ведение Таблицы распределения полос частот между радиослужбами Республики Казахстан в диапазоне частот от 3 кГц до 400 ГГц;
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. Повышение эффективности использования радиочастотного спектра как ограниченного природного ресурса государства.";
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      "9. Определение основных технических характеристик и иных требований к радиоэлектронным средствам при их разработке, производстве и поставке на внутренний рынок Республики Казахстан.";
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. Вносит предложения по:
      1) созданию и развитию единой государственной системы сбора и учета информации, автоматизации процессов управления по использованию радиочастотного спектра;
      2) организации конверсии радиочастотного спектра в соответствии с международным регламентом;
      3) планированию распределения и использования полос радиочастот, точек (участков) стояния искусственных спутников на геостационарной орбите для спутниковых систем (сетей);
      4) выделению полос и номиналов радиочастот для разрабатываемых (моделируемых), производимых в Республике Казахстан и закупаемых за рубежом радиоэлектронных средств;
      5) организации взаимодействия радиослужб основных пользователей по использованию радиочастотного спектра на территории Республики Казахстан";
      в пункте 11 слова "а также средств информатики общего назначения" исключить;
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      "12. Рассматривает нормы частотно-территориального разноса радиоэлектронных средств, для обеспечения их электромагнитной совместимости.";
      пункт 13 изложить в следующей редакции:
      "13. Проводит мероприятия по дальнейшему совершенствованию Таблицы распределения полос частот между радиослужбами Республики Казахстан в диапазоне частот от 3 кГц до 400 ГГц, рассматривает возможность дополнительного (внутреннего) распределения полос частот и условия использования новой техники и технологий радиосвязи.";
      дополнить пунктом 13-1 следующего содержания:
      "13-1. Рассматривает планы частотно-территориального распределения на территории Республики Казахстан.";
      пункт 14 включить в главу 3;
      в пункте 15:
      абзацы второй и третий обозначить подпунктами 1) и 2) соответственно;
      в абзаце третьем слово "приостанавливанию" заменить словом "приостановлению";
      название главы 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Организация деятельности Комиссии по радиочастотам";
      пункт 19 изложить в следующей редакции:
      "19. Государственную межведомственную комиссию по радиочастотам возглавляет председатель комиссии - Министр транспорта и коммуникаций Республики Казахстан. В комиссию входят заместитель председателя и руководящие работники министерств и агентств Республики Казахстан. Состав комиссии утверждается Правительством Республики Казахстан на основании представленных министерствами и агентствами кандидатур.";
      пункт 21 изложить в следующей редакции:
      "21. Заседания Комиссии по радиочастотам проводятся не реже одного раза в квартал. Заседание считается правомочным, если в нем принимают участие не менее половины ее членов. Решения комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов комиссии, присутствующих на заседании. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.
      Материалы заседания направляются всем членам комиссии заблаговременно, не позднее десяти дней до начала его проведения.
      Члены комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения, должно быть изложено в письменном виде и приложено к письму - отчету комиссии.
      По результатам проведения заседаний комиссии составляется протокол, подписываемый присутствовавшими на заседании ее членами.";
      в пункте 22:
      абзацы второй и третий обозначить подпунктами 1) и 2) соответственно;
      дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:
      "2-1) ежегодно утверждает перспективные и текущие планы работы комиссии".
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан    



(Специалисты: Склярова И.В.,

              Мартина Н.А.)    



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1418 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 маусым N 947. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543 қаулысымен. ~P020543

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1418 P961418_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 47, 459-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      I, II, III, IV, V тараулар тиісінше 1, 2, 3, 4, 5 араб сандарымен белгіленсін;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесін жүргізу";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Мемлекеттің шектеулі табиғи ресурсы ретінде радиожиілік спектрін пайдаланудың тиімділігін арттыру";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Радиоэлектронды құралдарды дайындау, шығару және Қазақстан Республикасының ішкі рыногына әкелу кезінде олардың негізгі техникалық сипаттамалары мен қойылатын өзге де талаптарды айқындау";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Мыналар:
      1) ақпаратты жинау мен есепке алудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру және дамыту радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі басқару процестерін автоматтандыру;
      2) халықаралық регламентке сәйкес радиожиілік спектрін конверсиялауды ұйымдастыру;
      3) радиожиілік белдеулерін бөлу мен пайдалануды, спутниктік жүйелер (желілер) үшін геостационарлық орбитадағы жасанды спутниктердің тұру нүктесін (учаскелерін) жоспарлау;
      4) Қазақстан Республикасында дайындалатын, (моделі жасалатын), шығарылатын және шетелден сатып алынатын радиоэлектронды құралдар үшін радиожиіліктер белдеулері мен номиналдарын бөліп көрсету;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында негізгі пайдаланушылардың радиоқызметтерінің радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді";
      11-тармақтағы ", сондай-ақ жалпы мақсаттағы информатика құралдарын" деген сөздер алынып тасталсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Олардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін радиоэлектронды құралдарды жиіліктік-аумақтық бөлу нормаларын қарайды";
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді, жиіліктер белдеулерін қосымша (ішкі) бөлу мүмкіндігін және жаңа радиобайланыс техникасы мен технологияларын пайдалану жағдайларын қарастырады";
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Қазақстан Республикасының аумағында жиіліктік-аумақтық бөлу жоспарларын қарайды";
      14-тармақ 3-бөлімге енгізілсін;
      15-тармақтағы:
      екінші және үшінші абзацтар тиісінше 1) және 2) тармақшалармен белгіленсін;
      үшінші абзацтағы "тоқтату" деген сөз "тоқтата тұру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Радиожиіліктер жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру";
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссияны комиссияның төрағасы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі басқарады. Комиссияға төрағаның орынбасары және Қазақстан Республикасы министрліктері мен агенттіктерінің басшы қызметкерлері кіреді. Комиссияның құрамы министрліктер мен агенттіктер ұсынған кандидатуралар негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі";
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Радиожиіліктер жөніндегі комиссияның мәжілістері тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Егер мәжіліске оның мүшелерінің жартысынан кем емес бөлігі қатысса ғана, ол құқықты деп есептеледі. Комиссияның шешімдері ашық дауысқа салумен қабылданады және егер мәжіліске қатысып отырған комиссия мүшелерінің жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, олар қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Мәжілістің материалдары оның өткізілуінен он күн бұрын мерзімде

 

комиссияның барлық мүшелеріне алдын ала жіберіледі.

     Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген

жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалуы және комиссияның есеп-хатына қоса

берілуі тиіс.

     Комиссияның мәжілістерін жүргізу нәтижелері бойынша оның мәжіліске

қатысқан мүшелерінің қолдары қойылған хаттама жасалады";

     22-тармақта:

     екінші және үшінші абзацтар тиісінше 1) және 2) тармақшалармен

белгіленсін;

     мынадай мазмұндағы 2-1)-тармақшамен толықтырылсын:

     "2-1) комиссия жұмысының перспективалық және ағымдық жоспарларын жыл

сайын бекітеді".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.