О создании единой государственной системы контроля за автомобильными перевозками на территории Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2000 года N 1358.

      В целях упорядочения государственного контроля за проездом автотранспортных средств по автомобильным дорогам Республики Казахстан и создания единой государственной системы контроля за автомобильными перевозками на территории Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, Министерству государственных доходов Республики Казахстан, Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по делам здравоохранения и Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) в установленном законодательством порядке, в месячный срок:

      1) образовать из числа имеющихся на государственной границе и внутренних автомобильных дорогах Республики Казахстан постов контролирующих органов единые контрольно-пропускные пункты в пунктах пропуска через государственную границу Республики Казахстан, утвержденных Правительством Республики Казахстан и предназначенных для международного автомобильного сообщения. Обеспечить укомплектование единых контрольно-пропускных пунктов специалистами за счет и в пределах выделенных средств и утвержденной штатной численности;

      2) разработать и утвердить Инструкцию о порядке взаимодействия контролирующих органов при осуществлении контроля на единых контрольно-пропускных пунктах на государственной границе Республики Казахстан;

      3) упразднить стационарные посты, расположенные на внутренних автомобильных дорогах Республики Казахстан, за исключением постов территориальных органов Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций, постов органов внутренних дел, входящих в заградительную систему "Рубеж", постов Министерства природных ресурсов и окружающей среды Республики Казахстан, дислоцированных в особо заповедных местах, определенных Правительством Республики Казахстан, а также контрольных постов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по контролю за соблюдением правил въезда в пограничную полосу и за линию инженерных сооружений Пограничной службы. <*>

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 27 февраля 2004 г. N 238.

      2. Установить, что при чрезвычайных ситуациях, эпидемиях и тому подобных случаях, центральные исполнительные органы в соответствии с законодательством могут создавать временные контрольно-пропускные пункты.

      3. Центральным исполнительным органам привести в двухмесячный срок ранее принятые решения в соответствие с настоящим постановлением.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Ахметова Д. К.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

Премьер-Министр
Республики Казахстан



Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 8 қыркүйек N 1358.

      Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен автокөлік құралдарының жүруіне мемлекеттік бақылауды ретке келтіру және Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен ішкі автомобиль жолдарындағы бақылау органдарының постылары қатарынан Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен және халықаралық автомобиль қатынасына арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін жасақтасын. Бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін бөлінген қаражат пен бекітілген штат санының есебінен және шегінде мамандармен толықтыруды қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерінде бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау органдарының өзара іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін;

      3) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының посттарын, "Шен" тосқауыл жүйесіне кіретін ішкі істер органдарының постыларын, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген аса маңызды қорықтарда орналасқан постыларын, сондай-ақ Шекара қызметінің шекара жолағы мен инженерлік құрылыстар шегіне кіру ережелерінің сақталуын бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бақылау постыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ішкі автомобиль жолдарында орналасқан тұрақты постыларды таратсын. <*>

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.27. N 238 қаулысымен.

      2. Орталық атқарушы органдар заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларда, эпидемияларда және осыған ұқсас жағдайларда уақытша бақылау-өткізу бекеттерін құруы мүмкін деп белгіленсін.

      3. Орталық атқарушы органдар бұрын қабылданған шешімдерді екі айлық мерзімде осы қаулымен сәйкес келтірсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі