Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 238 қаулысы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.28 N 655 Қаулысымен.

      "Автомобиль көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегi  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 697 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегі N 1358  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 38-39, 451-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақтың 3) тармақшасында:
      "бiрлескен бақылау-өткізу бекеттерiн" деген сөздер "посттарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "мен Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысы;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы N 1556 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қарашадағы N 1251 қаулысы.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнiң тiзбесi туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерінің назарына жеткiзсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 ақпандағы 
N 238 қаулысымен    
бекiтілген       

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және
Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық
көлiктiк бақылау посттарының тiзбесi

      Ескерту. Тізбенің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 697 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады