О реорганизации учреждения "Академия гражданской авиации"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2001 года N 718

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 августа 1999 года N 1191 P991191_ "Об утверждении Правил реорганизации в акционерные общества высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Реорганизовать некоммерческую организацию - учреждение в области образования "Академия гражданской авиации" путем преобразования в открытое акционерное общество "Академия гражданской авиации" (далее - Общество) со стопроцентным государственным участием в уставном капитале.
      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) при утверждении устава определить основными направлениями деятельности Общества подготовку и переподготовку специалистов в области гражданской авиации;
      2) обеспечить государственную регистрацию Общества в органах юстиции;
      3) после государственной регистрации Общества в установленном порядке принять меры к увеличению его уставного капитала путем выпуска последующей эмиссии акций на сумму не более 25 процентов от общего размера выпущенного уставного капитала. Размещение последующей эмиссии акций произвести в соответствии с Правилами реорганизации в акционерные общества высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 августа 1999 года N 1191 P991191_ ;
      4) (подпункт исключен - от 31 декабря 2004 года N 1466 ) ;
      5) передать Министерству образования и науки Республики Казахстан права владения и пользования государственным пакетом акций Общества;
      6) принять иные меры по реализации настоящего постановления.
      3. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:
      1) в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 1998 года N 1141 P981141_ "О видах государственной собственности в отношении организаций и объектов, расположенных на территории города Алматы":
      в приложении 3 к указанному постановлению строку, порядковый номер 286, исключить;
      2) в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 P990405_ "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):
      в приложении 2 к указанному постановлению:
      раздел "г. Алматы" дополнить строкой, порядковый номер 123-47, следующего содержания:
      "123-47. ОАО "Академия гражданской авиации";
      3) в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 P990659_ "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
     в приложении к указанному постановлению:
     заголовок раздела "Министерству транспорта, коммуникаций и туризма Республики Казахстан" изложить в следующей редакции:
     "Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан";      строку, порядковый номер 127, исключить;
     раздел "Министерству образования и науки Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 222-12, следующего содержания:        "222-12.    ОАО "Академия гражданской авиации".
 

     4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

"Азаматтық авиация академиясы" мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 мамыр N 718

      "Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N  1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Білім беру саласындағы "Азаматтық авиация академиясы" мекемесі - коммерциялық емес ұйымы жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Азаматтық авиация академиясы" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) жарғыны бекіту кезінде Қоғам қызметінің негізгі бағыттары азаматтық авиация саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау деп белгілесін; 
      2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      3) Қоғамды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін; 
      4) <*>
      5) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берсін; 
      6) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 
       Ескерту. 4) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.12.31. N   1466 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншіктің түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141  қаулысына
      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада реттік нөмірі 286-жол алынып тасталсын; 
      2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі  N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
     көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
     "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-47-жолмен толықтырылсын:
     "123-47. "Азаматтық авиация академиясы" ААҚ";
     3) "Республикалық меншіктегі ұйымдарда акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
     көрсетілген қаулыға қосымшада:
     "Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігіне" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне";
     реттік нөмірі 427-жол алынып тасталсын;
     "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-12-жолмен толықтырылсын:
     "222-12. "Азаматтық авиация академиясы" ААҚ".
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі