Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 және 2001 жылғы 25 мамырдағы N 718 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1466 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 29-жол алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 53-жолмен толықтырылсын:
      "51. "Азаматтық авиация академиясы" АҚ (Алматы қаласы) 80 %";

      2) "Азаматтық авиация академиясы" мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 мамырдағы N 718 қаулысында:

      2-тармақтағы 4) тармақша алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады