О проведении пятого заседания Специальной рабочей группы по разработке Конвенции о правовом статусе Каспийского моря на уровне заместителей министров иностранных дел прикаспийских государств

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2001 года N 1198

      В целях продолжения переговоров прикаспийских государств по вопросу определения правового статуса Каспийского моря Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Провести 18-20 сентября 2001 года в городе Астане пятое заседание Специальной рабочей группы по разработке Конвенции о правовом статусе Каспийского моря на уровне заместителей министров иностранных дел прикаспийских государств (далее - СРГ).
      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить:
      организационные мероприятия по подготовке и проведению пятого заседания СРГ;
      финансирование проживания членов делегаций Азербайджанской Республики, Исламской Республики Иран, Российской Федерации и Туркменистана (формат 1+2) в сумме 604360 (шестьсот четыре тысячи триста шестьдесят) тенге и транспортных расходов, связанных с проведением пятого заседания СРГ, за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2001 год по программе "Представительские расходы".
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



(Специалисты: Склярова И.В.,     

              Умбетова А.М.)    



Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының Каспий жағалауы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі бесінші мәжілісін өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 қыркүйек N 1198

      Каспий жағалауы мемлекеттерінің Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесі жөніндегі келіссөздерін жалғастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы 18-20 қыркүйекте Астана қаласында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының Каспий жағалауы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі бесінші мәжілісі (бұдан әрі - АЖТ) өткізілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
      АЖТ-ның бесінші мәжілісін дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын;
      Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы

 

және Түркіменстан делегациялары мүшелерінің тұруын (1+2 нысаны) 604360

(алты жүз төрт мың үш жүз алпыс) теңге сомасында және АЖТ-ның бесінші

мәжілісін өткізуге байланысты көліктік шығыстарын 2001 жылға арналған

республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген

қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.