О дополнительных мерах по развитию производственных мощностей открытого акционерного общества "Химпром", города Тараз

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 сентября 2001 года N 1242. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2008 года N 381.

       Сноска. Постановление Правительства РК от 26 сентября 2001 года N 1242 утратило силу постановлением Правительства РК от 23.04.2008  N 381 .
      В целях достижения безубыточности производства, эффективности и использования ресурсов, расширения рынка сбыта продукции открытого акционерного общества "Химпром", города Тараза, а также обеспечения дальнейшего развития фосфорной подотрасли Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Принять к сведению обязательства товарищества с ограниченной ответственностью "Химпром - 2030" (далее - ТОО "Химпром - 2030"), принятые Договором на доверительное управление имуществом открытого акционерного общества "Химпром" города Тараза (далее - ОАО "Химпром") между конкурсным управляющим и инвестором компанией "Alsotrans International Group AG" перед кредиторами первой и второй очереди, а также их правопреемственности. 
      2. Министерству энергетики и минеральных ресурсов обеспечить бесперебойную поставку фосфоритовой руды и подвижного железнодорожного состава под производственную программу ТОО "Химпром - 2030" по ценам и тарифам, не превышающим установленные для производств ТОО "Казфосфат". 
      3. Агентству Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и поддержке малого бизнеса совместно с заинтересованными министерствами, Республиканским государственным предприятием "Казакстан темiр жолы" и открытым акционерным обществом "KEGOC" (далее - ОАО "KEGOC") в установленном порядке рассмотреть возможность установления понижающих коэффициентов: 
      1) к тарифам на перевозку грузов ТОО "Химпром - 2030" железнодорожным транспортом на 50%; 
      2) к тарифам на услуги по передаче электрической энергии по сетям ОАО "KEGOC" на 50%. 
      4. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить переоформление необходимых лицензий и разрешительной документации ОАО "Химпром" на ТОО "Химпром - 2030". 
      5. Комитету по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан рассмотреть инвестиционный проект ТОО "Химпром - 2030" на предмет оказания мер государственной поддержки в установленном законодательством порядке. 
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Школьника В.С.

     7. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

           Первый заместитель

     Премьер-Министра

     Республики Казахстан

      (Специалисты: Склярова И.В.,      

              Умбетова А.М.)     

Тараз қаласы "Химпром" ашық акционерлік қоғамының өндірістік қуатын дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі N 1242 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381 Қаулысымен.

        Тараз қаласының "Химпром" ашық акционерлік қоғамы өндірісінің шығынсыздығына, ресурстарының тиімділігіне әрі пайдаланылуына, өнімін өткізу рыногын кеңейтуіне қол жеткізу, сондай-ақ фосфор қосалқы саласын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Конкурстық басқарушы мен инвестор "Alsotrans International Group AG" компаниясының арасындағы шартпен Тараз қаласы "Химпром" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Химпром" ААҚ) мүлкін сенімді басқаруға алған "Химпром-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "Химпром-2030" ЖШС) бірінші және екінші кезектегі несиегерлер алдында қабылдаған міндеттемелері, сондай-ақ олардың құқықтық сабақтастығы назарға алынсын. 
      2. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "Қазфосфат" ЖШС өндірістері үшін белгіленгеннен аспайтын баға мен тарифтер бойынша фосфорит кенін және темір жол жылжымалы құрамын "Химпром-2030" ЖШС өндірістік бағдарламасына үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етсін. 
      3. Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі мүдделі министрліктермен, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен және "KEGOC" ашық акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "KEGOC" ААҚ) бірлесе отырып, белгіленген тәртіппен: 
      1) "Химпром-2030" ЖШС-ның темір жол көлігімен жүктер тасымалдау тарифтеріне - 50%-ға; 
      2) "KEGOC" ААҚ желілері бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсету тарифтеріне 50%-ға төмендетілген коэффициент белгілеу мүмкіндігін қарастырсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Химпром" ААҚ-тың қажетті лицензиялары мен рұқсат құжаттамасын "Химпром-2030" ЖШС-ке қайта ресімдеуді қамтамасыз етсін. 
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мәніне "Химпром-2030" ЖШС-тің инвестициялық жобасын қарасын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары В.С.Школьникке жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары