О создании государственного учреждения "Барап"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2001 года N 1326

      В целях сохранения и восстановления природных комплексов Акмолинской области Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Создать государственное учреждение "Барап" Комитета лесного, рыбного и охотничьего хозяйства Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан (далее - Учреждение) на территории Акмолинской области.
      2. Отнести леса, имеющиеся на территории Учреждения, к категории защитности "особо ценные лесные массивы".
      3. Комитету лесного, рыбного и охотничьего хозяйства Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) в двухмесячный срок утвердить устав Учреждения и обеспечить его регистрацию в органах юстиции;
      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Установить, что финансирование Учреждения осуществляется за счет и в пределах сумм, предусмотренных в республиканском бюджете Министерству природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан.
      5. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2000 года N 198 "Вопросы Комитета лесного, рыбного и охотничьего хозяйства Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан и отдельных организаций, находящихся в его ведении" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 5-6, ст. 74) следующее дополнение:
      в приложении 5 к указанному постановлению:
      после слов "Государственное учреждение по охране лесов и животного мира "Акколь" дополнить словами "Государственное учреждение по охране лесов и животного мира "Барап".
      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

"Барап" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1326 Қаулысы

      Ақмола облысының табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Ақмола облысының аумағында Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Барап" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.

      2. Мекеменің аумағында орналасқан ормандар "ерекше құнды орман алқаптары" қорғау санатына жатқызылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) екі айлық мерзімде Мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Мекеменің қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне көзделген сома есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      5. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
      "Ақкөл" орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" деген сөздерден кейін "Барап" орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі